Cарапшы: "Ұлттық қор қаражатын қай мемлекет қалай жұмсайды?"

2411
Adyrna.kz Telegram
Журналист, экономика бағытында ізденуші маман Еркежан Айтқазина ұлттық қор қаражатының жұмсалуына қатысты жазба жариялады. Автор өз жазбасында ұлттық қордық қаржылық әлеуетін, активтер мен әлеуметтік жобалардың бағыттарын талдайды, деп мәлімдеді "Адырна" ұлттық порталы. 
Автор "Ұлттық қор қаражатын қай мемлекет қалай жұмсайды?" тақырыбын жіліктейді.
- Бұған дейін Ұлттық қор туралы талай рет мақала жазған едім. Дамушы мемлекет ретінде Ұлттық қор қаражатын тиімді инвестициялаудың маңызды екенін білсек те, жылда бюджет жыртығын айналып келіп қор есебінен жабамыз.
Қазақстан 2020 жылы дағдарыс шараларына 6 трлн теңге жұмсады. Оның ішінде 4,7 трлн теңге Ұлттық қордан алынды. Қазір Ұлттық қорда 55 млрд доллар қалды деген ақпарат бар. Бұл қаражат бізге тура 5 жылға ғана жетеді екен.
Осы ретте, өзге мемлекеттер қорға сақтаған қаражатын қайда, қалай жұмсайды деген сауалға жауап бере кетейін:
Норвегияның мемлекеттік зейнетақы қоры әлемдегі ең ірі тәуелсіз әл-ауқат қоры ретінде танымал. SWF институтының мәліметі бойынша, 2021 жылды қорда 1,1 триллион доллардан астам қаржы жиналған. Активтердің көпшілігі акцияларға, облигацияларға және жылжымайтын мүлікке қатысты. Екінші орында Қытай инвестициялық ынтымақтастық қоры. Онда 1 триллион доллардан сәл астам сомаға тең көлемдегі активтер басқарады. Алғашқы сегіздікке кіретін басқа егемендік қорлар онша үлкен емес. Активтер 370 миллиард доллардан 580 миллиард долларға дейінгі аралықта. Қорлардың басым бөлігі Азия мен араб елдерінде – Гонконгта, Қытайда, Сингапурда, сондай-ақ Кувейт пен Біріккен Араб Әмірліктерінде орналасқан.

Кейбір мәліметтер бойынша SWF активтері 1,9 трлн. доллар және 2,9 трлн. доллар аралығында, - дейді.

Cонымен қатар, автор Норвегия үкіметінің қор қаржысын жұмсауына қатысты тиімді тетіктерге тоқталады:
- Норвегияның бірегей қоры мемлекет мұнайдан түсетін табысты елдің болашағын қамтамасыз ету үшін жұмсауды көздейді. Нәтижесінде Норвегия үкіметі жыл сайын қор инвестициясынан түскен табыстың үш пайызына дейін әлеуметтік мақсаттарға пайдалануға еркін жұмсай алады. Қазіргі уақытта бұл көрсеткіш 33 миллиард долларға жеткен.
Қорды қаражатын тиімді басқарып отырған Қытай мен БАӘ болса, инвестицияны жаңа технология саласына жұмсайды. Ал Парсы шығанағы елдері қор қаражатына Африкада ауылшаруашылық жерлерін сатып алуда жөн көрген екен.
Сөйтіп, бар қаражатты "жұмыс жасату" үшін тиімді бағыттар қарастырады, - деп жазады автор.
"Адырна" ұлттық порталы 
Пікірлер