"Студенттер қызығып жатыр": Болгарияның ең ірі жоғары оқу орнында қазақ тілі оқытылады

2085
Adyrna.kz Telegram

Болгарияның ең ірі жоғары оқу орнында қазақ тілі оқытылады. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы. 

"Жоғары білім саласындағы ынтымақтастықты одан әрі ілгерілету мақсатында Қазақстанның Болгариядағы Елшісі Виктор Темірбаев Әулие Клемент Охридски атындағы София университетінің ректоры Анастас Герджиковпен кездесті. 2018 жылдың қазан айында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-мен әріптестік келісім негізінде құрылған әл-Фараби ғылыми-білім беру және мәдени орталығының қабырғасында қазақ тілін оқыту тәжірибесін одан әрі ілгерілетуге әңгімелесушілердің ерекше назары аударылды",- делінген хабарламада. 

Сонымен қатар, қазақстандық дипломат университет басшылығына жан-жақты қолдау көрсеткені үшін алғысын білдіріп, болгар студенттері арасында қазақ тілін үйренуге деген қызығушылықтың артып келе жатқанына және осы пәнді «Түркология» факультетінің оқу жоспарына енгізгеніне ризашылығын білдірді.  

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер