Кенжеғұл СОЦИАЛҰЛЫ: Елдің ертеңі біздің қолымызда!

4656
Adyrna.kz Telegram

«Денсаулық – алтын тәж. Оны тек ерекше адамдар ғана көреді». Қазіргі уақытта Қазақстанда ерекше қажеттіліктері бар 680 мыңнан астам адам тұрады, оның 61,5 пайызы еңбекке қабілетті жастағылар, 25,7 пайызы зейнет жасындағылар, 12,8 пайызы 18 жасқа дейінгі балалар. Ерекше қажеттіліктері бар адамдардың үлесі салыстырмалы түрде тұрақты және соңғы үш жылда жалпы халықтың 3,7% құрады. Бүгінгі материалда Кенжеғұл Социалұлы өзінің ерекшелегініе қарамастан спортпен шұғылданып, қашан да өмірге ерекше көзқараспен қарайтыны жайлы айтып берді.

«Армысыздар достар, менің атым Кенжеғұл Социалұлы, қазір қырықтамын. Бірақ дегенмен де өзімді ондай сезінбеймін. Мен 1982 жылы дүниеге келдім. Үлкен отбасыданмын. Анам 20 құрсақ көтерген батыр ана. Әкем ол да батыр кісі деп есептеймін, себебі 20 баланы тәрбиелеп, әрқайсысын орнына орнықтырып, қыздарын қияға, ұлдарын ұяға отырғызып кеткен кісі» деп Кенжеғұл мырза өзінің ата-анасының батырлығын тілге тиек етті.

“Өз басым 6 жасымда көзім көрмейтінім байқалды, 1-сыныпта. Содан бастап мен енді осы көз көрмейтіндердің қатарына қосылдым. Ең бірінші осы көз көрмейтін мектебіне 8 жасымда келдім, Қарағандыға. Ол жақта орысша оқыдым. Бірақ үлкен ағамыз осы Алматыда үлкен қызмет істегеннен кейін, театрда істегеннен кейін, ол кісі білім жүйесін де көп нәрсені білгендіктен Қазақстанда тұңғыш рет браль жүйесімен оқитын көз көрмейтін балаларға арналған мектепте осындай класста сынып ашылайын деп жатыр, эксперименталды түрде соған алып келу керек деп мені алып келіп, осы жерге 91 жылы 9 жасымда осы жерде оқытты, осы Алматыда, #4 көзі көрмейтін  және көзі нашар көретін балаларға арналған Островский атындағы интернат - мектебінде. Сол жерде 12 жыл оқыдым» деді Кенжеғұл Социалұлы.

Спортқа қалай келгені, қазіргі таңда спортпен белсенді айналысып жүргеніне қатысты сауалға:

«Көбісі ойлайды, “спортқа қалай келдіңіз?” деп осындай бір сұрақтар қояды. Спортқа мен енді, кішкентай кезімнен баулыған, бірақ бізде мынандай қимылдайтын, жылжымалы немесе топтық, командалық ойындар болмағандықтан, мен ондай көп, шахматты да ойнауды тастап кеттім. Басқа да спорт түрлерін ойнағанды тастап кеткеннен кейін 2016 жылы бізде осы Қазақстанда федерациясы ашылып, паролимпиадалық ойын түрін біз жолдасымыз екеуіміз сол кісінің жұбайы үшеуіміз осы спорт түрін қазіргі Қазақстанда дамытудамыз. Біздің Қазақстан бойынша 13-14 топтарымыз бар: қалалық, облыстық топтар” деп жауап берді.

Қазақстан бойынша бірнеше мәрте чемпион атанғаны жайлы, спорт саласының не үшін қажет екенін де айта кетті:

«Өзім осы голбол бойынша командамен Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионымын, Қазақстанның 3 рет кубогының иегерімін. Не үшін спорт маған керек? Біріншіден, спорт деген ол қуат береді, күш береді. Шаршағаныңды басатын, қуатын кеткен кезде қуат беретін, армандарың орындалуға үлкен күш беретін ол осы спорт түрі. Мен өзім жалпы бірнеше спорт түрімен айналысамын, ол мысалы голбол, одан кейін паравелосипед, одан кейін параскалолазание. Барлығынан да бірнеше дүркін Қазақстанның чемпионымын”.

Голболға келетін болсақ, бұл командалық ойын түрі болғандықтан, бұл жерде бір адам емес, сен достарыңның, артыңда келе жатқан серіктеріңнің, барлықтарың бірге мүддені көздеуің керек. Маған осы ұнайды. Одан кейін бұл жерде біздің өте күшті тренеріміз бар, Андрей Валерьевич деген. Сол кісінің бізге бір тәрбие, уақытысында келу, келген кезде жаттығуды орнымен жасау, уақытысымен жасау, кеткеннен кейін жуынып, таза болу, осы жағынан күшті бір тәрбие береді.

«Жастарға қандай кеңес бересіз? Жігерлі болу үшін адам не істей білуі керек?» деген сауалымызға Кенжеғұл мырза былай жауап берді:

«Мен жастарға былай айтар едім. Барлығы сіздердің қолдарыңызда. Қазақта мынадай мақал бар: армансыз адам, қанатсыз құспен тең, деген. Егер де сіздердің армандарыңыз болмаса, жетем деген картаңыз болмаса, сіз ешқашан да жетпейсіз. Мен сіздерге мынандай бірнәрсе айтайын: Кез келген нәрсені жасау тек сіздердің қолдарыңызда. Әкеңіз бай бола ма, кедей бола ма, ата анаңыз үлкен қызметкер бола ма болмай ма, кедейсіз бе, кедей емессіз бе ол тек қана сіздің қолыңызда» деді ол.

«Біздің үлкен бір атамыз айтып кеткен ғой: арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты, мен жастарға сенемін деп. Сіздердің ғана қолдарыңызда жастар! Біздің еліміздің отыз емес, жиырма елдің алпауыт елдің арасына кіру тек қана жастардың қолында. Мен де кезінде жас болдым. Мен де өзіме сондай, үлкен бір арман, мақсат, міндет алдым. Спорт болсын, білім болсын, осы еліме деген еңбегімді сіңіруім керек деп. Елден қол жайып, үкіметтен ештеңе сұрамауым керек деп мақсат қойдым. Бізге бермеңдер! Бізге тек мүмкіндік жасаңыздар, ал көзі көрмейтін адамдар, басқа да мүмкіндігі шектеулі жандар сіздерге мақсатқа қалай жетуге болатынын көрсетеді. Сіздерге үлгі болады. Тек қана кедергі жасамаңыздар! Сондықтан мен тарихшы болғандықтан, үлкен бір Американың отыз екінші президенті болған Джонн Кеннедидің сөзі бар: сен үкіметтен сұрама, саған береді үкімет. Сен өзіңнен, еліме не беремін деп сұра. Өзіңнің еліңе, халқыңа не бере аласың деп ойлануың керек. Батырларымыз секілді «елім», «жерім» деп тұруымыз керек. Еліміздің биік деңгейге көтерілуі жастар, сіздердің ғана қолдарыңызда! Біздің қолымызда!» деп түйіндеді сөзін Кенжеғұл Социалұлы.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер