720 метрлік Ленин көшесі 41 миллионнан астам теңгеге орташа жөндеуден өтпек

1451
Adyrna.kz Telegram

Қостанай облысына қарасты Федоров ауданына қарасты Пешков ауылдық окуругіндегі 720 метрлік Ленин көшесі 41 229 360 теңгеге орташа жөндеуден өтпек, деп хабарлайды Адырна ұлттық порталы satypalu.gov.kz сайтына сілтеме жасап. 

"Федоров ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі "Федоров ауданы Пешковский ауылдық округі Пешковка ауылындағы Ленин көшесінен темір жол өткеліне дейінгі жол учаскесін орташа жөндеу, ұзындығы – 0,72 км" деген тақырыппен жариялаған мемлекеттік сатып алуға өтінімдерді қабылдау 29 шілде күні басталып, жеңімпаз компания 13 тамыз күні анықталады.

Ашық интернет көздерінің мәліметіне қарағанда Пешков ауылдық окургінің құрамына Пешковка, Большое, Калиновка, Кравцово, Полтавка ауылдары кіреді. Орталығы – Пешковка ауылы. Халық саны 3,5 мың.

Ауданының аты Федоров, ауылының сойы Пешков, көшесінің атауы Ленин болғандықтан ба, Федоров ауданының экономика және қаржы бөлімі тендер жариялау үшін мемлекеттік тілді тіпті қажетсінбейтін сияқты. Тендердің техникалық сипаттамасында қазақ тілінде бір ауыз сөз жазылмаған.
Ленин көшесінің 0,72 км жерін орташа жөндеуге бюджеттен 41 229 360 теңге жұмасау аз ба, көп пе? Бұл сұраққа оқырман жауап берсін. Біз Қостанай облысы әкімдігінің қоғамдық даму басқармасынан ауданның, ауылдық окургке қарасты елдімекендердің һәм көшелердің кеңестік шекпенді неге шешпей отырғанын сұрап, хат жолдадық. Олардан жеткен жауапты алдағы уақытта жариялайтын боламыз.

Ақан Асыл
“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер