Жүргізуші кінәлі ме әлде бағдаршамның жасамай қалғаны ма?

4048
Adyrna.kz Telegram

Қазіргі тынысы тар, жолдары кең үлкен қалалардағы қоғамдық өмірге қарап кейде сол қоғамнан алшақ, тыныштықта өмір сүргің келіп кетеді. Барлығы дерлік, шонжар байлар емес, барлығының астында бірдей темір тұлпары жоқ. Бірақ, әрине барлық қазақ темір тұлпар мініп, қалаған жеріне, қалаған уақытында тез барғысы келеді. Ал, осы темір тұлпарлары салонда тұрғандар ше? Әрине, олар қоғамдық көлік- автобусқа мінеді. Сөздің төркіні, ойдың түйіні осы бір сөзде жатса керек.

Иә, қазір біздің мегополистерде кептеліс, қоғамдық көліктерде адамдардың тығыз болуы бәрі бәрі, біз күнделікті көз көріп, құлақ естіп қалған дүниелер. Күнделікті автобусқа мініп, жұмысына, оқуына немесе басқа да шаруасына асығатындар да аз емес. Әңгіменің негізі таяуда болған Алматы қаласындағы екі автобустың бір уақытты келіп, бір-біріне қатты соққы бергеніне байланысты. Sputnik.ķz мәліметіне сүйенсек, дәл сол кезде бағдаршамның істен шыққанын айтады. Сонымен қатар, екі автобус бір жылдамдықта келіп бір- біріне қатты түйісіпті. Нәтижесінде жаяу жүргінші жолын тосып тұрған тұрғын шарасыз күйде жан тапсырған. Әрине бұл жағдайды естіген бойы қатты қынжылдым. Өйткені, осы соққыдан кейін көптеген адамдар жарақат алып, жедел медицина орталықтарына жеткізілген. Мәселеге жауапты кім? Былай қарасам, бағдаршамға қарап барлық көліктер қозғалады. Тіпті, дәл сол уақытта бағдаршам жасамай қалғанына меніңше үкімет кінәлі емес. Өйткені сол кезде мүмкін техникалық ақаулар болды. Мүмкін, дер кезінде сол жерде бағыттаушы, жөн көрсетіп мелиция тұру керек педі. Дәл осындай жағдайлар, кей адамдардың қоғамдық көліктерге деген қорқынышын тудырады. Мені ең қылжынтқаны ол шарасыз адамның сол жерде жан тапсырғаны. Дәл осындай, және өзгеде мәселелер болмас үшін, алдын ала бақылаулар мен реттеулер керек деп ойлаймын. Қайталанбауы керек. Неге? Өйткені осындай жағдайлар бізге көп зардабын тигізіп жатады.

Қоғамдық көліктерді кейде қатты жылдамдық айдап, алдындағы көліктерге кіріп кетердей сәл-пәл қалатын кездер де болады. Осындай кездерде де жылдамдық пен көлікті дұрыс басқара білу қажет. Өйткені ол жерде бір адамның емес, бірнеше адамның жаны бар.
Сөз соңында: Қоғамдық көліктер мен, бағдаршам қызметіне мән бере қарап, жауапты қызметкерлердің болғанын қалаймын. Болса, осындай жағдайларды болдырмауға тырысуын қалаймын. Жәй ғана соққының өзі кейбір адамдардың өміріне шрам болып қалу мүмкін.

 

 Айсара МҰРАТҚЫЗЫ,
Жетекшісі: Жадыра Талғатқызы

Пікірлер