Ақтау тұрғыны такси ақысын қантпен төледі (ВИДЕО)

2843
Adyrna.kz Telegram

Ақтауда қант тапшылығы жағдайында әлеуметтік эксперимент жүргізілді, деп хабарлайды "Адырна" порталы.

Тәжірибе барысында такси жүргізушілеріне төлем ретінде бір келі қантты алу ұсынылды.

Жүргізушілердің кейбірі тегін жеткізіп беруге келіссе, кейбірі күліп, қант алуға келіссе, кейбірі бас тартты.

Еске салайық, бұған дейін Ақтау дүкендерінде қант тапшылығына байланысты әкімдік түсініктеме берген болатын.

11 шілдеде Премьер-Министр Әлихан Смайылов кеңес өткізіп, онда азық-түлік бағасының өсуін тежеу ​​шаралары қаралды. Ол заңсыз қант таратушылардың қызметін, оның ішінде әлеуметтік желілер мен жарнамалық қосымшалар арқылы тоқтатуды, сондай-ақ қант жеткізу арналарын бақылауға алуды тапсырды.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Қазақ Жауат (@jauat27)

 

Пікірлер