Қант бағасы неліктен күрт қымбаттады?

6682
Adyrna.kz Telegram
Фото: egemen.kz
Фото: egemen.kz

Бүгінде қант құнының көтерілуі кімді болмасын алаңдатып қоймады. Не себептен қант күрт қымбаттап кетті? Бұл сұраққа Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі Қарашөкеев Ербол Шырақпайұлы жауап берген болатын.

Оның айтуынша, еліміздегі қант бағасының өсуі оның әлемдік нарықтағы құнымен байланысты.

“Мәселен, құрақ қанттың бағасы Лондонның биржасында, ал қанттың бағасы болса Нью-Йорк биржасында анықталады. Қанттың құны биржадағы саудаға тікелей байланысты. Бағаның өсуі - әлемдік үрдіс болып тұр. Сол үшін, біздегі баға да өсті”, - деді.

Зерттеулерге сүйенер болсақ, 2012 жылы елімізге шетелден 506,9 миллион тонна қант пен шикі қант импортталған екен. Ал оның 275,8 миллион тоннасы Ресейден әкелінген.

2022 жылы Батыс Ресейге Украинадағы соғыстың басталуына байланысты санкциялар салған соң, Ресей сатылымдағы азық-түліктердің кейбір түрлерін және қантты эспорттауды шектеді. Соның әсерінен, еліміздің көп өңірлерінде қанттың бағасы да өсті.

Ал статистика бойынша, Қазақстанда 1 жыл ішінде қанттың бағасы 60,5%-ға өскен.

Дәулетханқызы Роза

Пікірлер