Семейде есірткінің аса ірі партиясы тәркіленді

2997
Adyrna.kz Telegram
Фото: polisia.kz
Фото: polisia.kz

Семейде үйінде 25 келіден астам марихуана сақтаған 38 жастағы қала тұрғыны ұсталды, - деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Polisia.kz-ке сілтеп.

Күдікті есірткінің аса ірі партиясын 335 полиэтилен пакетке салып, жастарға сату үшін дайындаған. Тұрғын қылмыс үстінде ұсталды.

"Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 296-бабы 4-бөлігі ("Аса ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау") бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Күдікті қамауға алынды. Ол үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесілуі мүмкін", - делінген хабарламада.

Шығыс Қазақстан облыстық полицияның мәліметіне сәйкес, есірткі қылмысына қарсы іс-қимылды күшейтуге бағытталған "Қарасора" жедел алдын алу іс-шарасы жалғасып жатыр.

“Адырна” ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Ложку перед сном и все! За неделю уйдет 13 кг возрастного жира...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Пікірлер