Семейде 22 жастағы жігітті азаптап өлтірген азамат 12 жылға сотталды

192
Adyrna.kz Telegram

Семей қаласында 22 жастағы Рахат Райбекті азаптап өлтірген күдіктіге сот үкімі шықты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Судьяның шешімі бойынша, күдікті әрі марқұмның әріптесі 12 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын қылмыстық атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде өтейді.

Қайғылы оқиға жыл басында Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданында болған. Ауыр жарақат алған 22 жастағы Рахат Райбекке көрсетілген медициналық көмектен бұрын көз жұмды. Марқұмның туыстары оның денесіне 21 рет пышақ салынғанын айтады.

Марқұмның отбасы сот үкіміне наразылық білдіріп, істің әділ қаралмағанын алға тартуда. Олар ең қатаң жаза тағайындалуы үшін апелляцияға жүгінетіндерін мәлімдеді.

"Қылмыскерге аса жоғары жаза берілген жоқ. Біз ең қатаң жаза талап етіп, бірнеше рет өтініш жаздық. Өкінішке қарай, тергеу мен сот процестері бізді қанағаттандырмады. Апелляцияға беріп, шындықтың түбіне жетуге тырысамыз,"– дейді марқұмның әпкесі Шолпан Мұхамеджанова.

Судья жалған куәлік бергендердің барлығын жауапқа тарту туралы шешім шығарды.

Сондай-ақ, әскери комиссариатқа да тексеріс жүргізілетінін хабарлады. Қаралы отбасы бұл қылмысқа қатысы бар басқа да тұлғалардың жауапқа тартылуын талап етуде.

Пікірлер