Қазақстан теміржолында жан түршігерлік оқиға болды. Қызылорда-Астана бағытындағы жолаушылар пойызында әйел өз бетінше босанып, нәрестені терезеден лақтырып жіберген. Бұл туралы Көліктегі полиция департаменті растады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Алдын ала мәлімет бойынша, қайғылы оқиға жолда Қарағанды маңында болған. Жолсерік дәретханадағы қанды байқап, ізімен жүрген. Ақыры купеден төсегі қан болған әйелді байқаған.
Ол өзі босанғанын мойындады. Кейін оның жаңа туған нәрестені лақтырып жібергені белгілі
Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл оқиғаға қатысты тергеу басталғанын хабарлады.
«Аталған дерек бойынша тексеру жүріп жатыр. Нақты процессуалдық шешімдер тергеу нәтижесіне қарай қабылданады», — делінген хабарламада.
Полиция департаменті тергеу басталғанын хабарлады.