15 мамыр 2018 жыл, сейсенбі күні Еуропа парламентінің адам құқықтарын қорғау жөніндегі комитетінің Брюссель қаласындағы орталығында Қытайдың Шыңжаң аймағындағы Қазақтардың жаппай қудалану мәселелері бойынша кең көлемде жиналыс өтті.
Комитет төрағасы Pier Antonio PANZERI мырзаның өзі басқарған бұл кездесуге парламент мүшелері, Халықаралық адам құқықтарын қорғау ұйымдарының өкілдері, парламенттің кеңесшілері қатысты.
Адам құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Комитет төрағасы Pier Antonio PANZERI ге Өмірхан Алтын хат тапсыруда.
Өмірхан Алтынның өтініші бойынша, Өмірхан Алтынның өзі дайындап берген кең көлемдегі мәліметтерге сүйене отырып, Халықаралық адам құқықтарын қорғаушы білікті маман Ulrich DELIUS мырза Қытайдағы қазақтардың қиын жағдайын егжей-тегжейлі баяндады.
Қытай қазақтарының мәселесін баяндаған Халқаралық адам құқықтарын қорғаушы білікті маман Ulrich DELIUS
Бұл реткі жиналыстың мазмұны туралы берілген түсініктемеден кейін, алғашқылардың бірі болып сөз алған Human Rights Watch Халықаралық адам құқықтарын қорғау ұйымдарының Азия бөлімінің басшысы Sophie RICHARDSON ханым, соңғы уақытта Қытай үкіметі тарапынан Шыңжаң аймағындағы Қазақтар мен Ұйғырлардың адам сенгісіз тәсілдермен, қатігездікпен құқықтары тапталып жатқандығын баса көрсетті.
Sophie RICHARDSON ханым аса кеш болмай тұрғанда Еуропарламент және басқа Халықаралық ұйымдарға бұл зұлымдықты тоқтату үшін Қытай үкіметіне қарсы үлкен шараларды қолдануды талап етті.
Еуропарламенттің адам құқықтарын қорғау комитетінің Шыңжаң мәселесіне арналған бұл реткі жиналысы ондағы Қазақтардың да Ұйғырлармен қатар ерекше қысымдар мен қудалауларға ұшырап жатқаны туралы көлемді баяндамалармен ерекшеленді. Қазақтардың қысым көрген мәселелеріне парламент мүшелері арасында үлкен қызығушылық тудырды.
Delius мырзаның Қытай қазақтары туралы жасаған баяндамасын, жиналысқа қатысушылар ерекше ықыласпен тыңдады.
Одан кейін сөз алған өзге парламент мүшелері, мамандар мен кеңесшілер де Қазақтар туралы айтумен болды. Тіпті Еуропарламентінің ең беделді мамандарының бірі болып саналатын Abigail ALICE ханым, тұңғыш рет Қытай үкіметінен Шыңжаңдағы қазақтарға жасап отырған қысымдары мен зорлықтары туралы талқылануы бұл реткі жиналыстың маңыздылығының еселеп арта түскеніне баса назар аударды.
Қытай үкіметі Шыңжаңдағы адам құқықтарының жаппай тапталуына арналған осы кездесуде парламент мүшелерінен Lars ADATUSSON, комитет төрағасының орынбасары Barbara LOCHBIHILER ханым, Wajid KHAN дар сөз алып, Қытайлардың бұл жолғы Қазақтардың құқығын таптаған жәйттерді бұрын-соңды еш жерде қолданбаған, ерекше сорақылықпен, адам сенгісіз жауыздықты іске асырып кележатқандықтарын айтты.
Адам құқықтарын қорғау комитетінің төрағасының орынбасары Barbara Lochbihler ханым.
Олар бірінші болып Европарламенттің және басқада халықаралық адам құқықтарын қорғау ұйымдардың Қазақтар мен Ұйғырларға қаратылған құқықбұзушылықтарды тез арада тоқтатып, адамдардың қорқынышсыз, бейбіт түрде өмір сүруін қамтамасыз етуге көндіру үшін Қытай үкіметіне қарата тиісті шаралардың мүмкін болғанша тезірек қолға алынуын талап етті.
Европарламенттің мүшесі Lars ADATUSSON мырза.
Еуропарламенттің мүшесі Wajid Khan мырза.
Бұл жиналысқа Қытай қазақтарының мәселесін кең көлемде көтеріп жүрген Қазақстандағы «АТАЖҰРТ ЕРІКТІ ЖАСТАРЫ» деп аталатын белсенділердің басшысы Оразұлы Қыдырәліде келетін болған, бірақ Қазақстанда да бір маңызды жиналысқа байланысты келе алмады.
Жиналыс барысында Өмірхан Алтын осы «АТЖҰРТ ЕРІКТІ ЖАСТАРЫ» белсенділерінен мәліметтер алып, өзі Ағылшын және Неміс тілдерінде дайындаған Қытай қазақтарына жасалып жатқан зұлымдықтар туралы ақпараттар мен арыз-шағымдарды комитеттің төрағасы Pier Antonio PANZERI мырзадан бастап жиынға қатысқан парламент мүшелері мен халқаралық адам құқықтарын қорғау ұйымдарына, парламент мамандарына таратты. Бұл хаттарды Өмірхан Алтын осы жиналыстан көп бұрын оларға жіберген еді.
АТАЖҰРТ ЕРІКТІ ЖАСТАРЫ басшысы Оразұлы Қыдырәлі
Еуропарламенттің Қытай қазақтарының мәселесін бүгін кең көлемде талқылануына себепкер болған Өмірхан Алтынның Қытай қазақтарының құқықтарын қорғау үшін халықаралық дәрежедегі бұл іс-әрекеттерді тек өз күшімен көтеріп жүргенін көрген парламент мүшелері мен халқаралық мамандар, Қазақтардың да адам құқықтарын қорғау саласында өздерінің мүдделерін қорғау үшін Тибеттіктер мен Ұйғырлар сияқты тез арада өз орталықтарын құруға кеңес берді.
Сонымен 15 мамыр күні тұңғыш рет Қытайдың Шыңжаң аймағындағы Қазақтардың Қытай үкіметі тарапынан құқықтарының өрескел бұзылуына тап болып келе жатқан жағдайын талқылаған Еуропарламент алдағы уақытта Қытай қазақтарының мәселесін назардан тыс қалтырмақ емес. Сонымен қатар алдағы күнде адам құқықтары саласында және басқа салаларда Қазақтар өз мүддесін қорғау үшін халықаралық ұйымдармен бірлесе отырып барынша өздерін жетілдіріп, заман талабына сай сауатты түрде етулері керек деген ұсыныс айтты.
Айта кетейік, өткен жылғы дүние жүзі қазақтарының 5 құрылтайында Германиядан келген Өмірхан Алтын ағамыз түңғыш рет Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа Қытайдағы қазақтардың мәселесін тіке жеткізген болатын, Ел басы бұл мәселеге ерекше назар аударып, сыртқы істер министрлігіне тапсырма берген болатын.
Дүние жүзі қазақтарының 5 құрылтайында Өмірхан Алтын Қытай қазақтарының мәселесін Елбасына жеткізіп тұр.
Өмірхан Алтын ағамыз сол уақыттан бері Қытайдағы қазақтардың мәселесін тынбай көтеріп келеді, міне енді Еуропа парламентінде жоғары деңгейде көтеріп отыр. Осындай ұлт мүддесін ту еткен Өмірхан Алтын ағамызға барша Қазақстандықтар атынан рахмет айтамыз.
http://atajurtjastar.com