Өткен ғасырдың басында газет және радио арқылы көпшілік қауым өзіне қажетті ақпарат алып отырса, кейін келе теледидардан алатын болды. Ал қазіргі технология шарықтап дамыған дәуірде түрлі ғаламтор жүйелеріне кіріп, қолдағы телефон арқылы қалаған ақпаратқа қол жеткізе береді.
Иә, журналистің негізгі міндеті – қалың бұқараға ақпаратты шынайы әрі жылдам жеткізу.
"Жалпы қазақ журналистикасының деңгейі төмен деп айтуға болмайды. Керісінше, қазақ журналистикасының деңгейі жоғары екені күмәнсіз. Қаңтар оқиғалары кезінде ақпараттық вакуум болды. Оны кәсіби тұрғыда дайындалған лаңкестер, қылмыскерлер өз мүддесіне пайдаланды. Интернетті бұғаттауға мәжбүр болдық. Бұл – әлемдік практика. Бірақ басқа да ақпарат құралдарымыз бар ғой. Содырлар кейбір телерадио арналардың ғимаратын өртеп, қиратты. Одан басқа ақпарат құралдары үздіксіз хабар таратты. Ешқандай шектеу болған жоқ", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Сонымен бірге баспасөздегі сөз бостандығына қатысты да пікір білдірді.
"Бізде заң бойынша цензура жоқ. Ақпарат еркіндігін барынша қамтамасыз етіп жатырмыз. Бірақ еркіндік деген ойыңа не келсе, соны айту емес. Кез келген демократиялық елдерде жалған ақпарат таратқан адам жауапқа тартылады. Мен әрбір журналист, ең алдымен, мемлекетшіл азамат болуы керек деп санаймын. Осы орайда Н.Некрасовтың: "Ақын болу шарт емес, азамат болу – міндетің" деген қанатты сөзі бар. Сондықтан әрқайсымыз еліміздің патриоты болуға тиіспіз",– деді Президент.
Әлеуметтік желілер дамыған сайын, блогерлерге деген сұраныстар да артуда. Осы орайда сұрақ туындайды «Журналист болу үшін университет қабырғасында төрт жыл білім алу керек пе?» әлде әртүрлі курстарды оқып, жұмыс істей беруге бола ма? Осы тақырыпта әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Журналистика факультетінің аға оқытушысы, PhD доктор Баян Асқарқызы Мұсаеваны сұхбатқа тарттық.
Мысалы, бірінші курстан бастап алдымызға келген студенттердің ішіндегі үздіктері бірден көзге түсіп қалады. Кейіннен қарап отырсаңыз, сол қыздар мен жігіттер студент кезден-ақ жұмысқа орналасып, алдыңғы қатарлы телеарналар мен басылымдарда жүреді. Жыл сайын қаншама студент диплом алуда, бірақ, олардың барлығы бірден жұмысқа орналасып кете алмайды.
- Журналистика факультетіне оқуға түсушілер саны жыл сайын артуда ма?
- Бұл мүлдем қате пікір. Журналист болу үшін сұрақ қоя білу керек, журналистиканың заңын білу керек, журналистің этикасын білу керек. Журналистиканың теориясын оқымай, небір мықты журналистерді тәрбиелеп отырған журфактің ұстаздарының білімін, тәлім-тәрбиесін алмай, дипломды қолға ұстамай журналист болу -қараңғылық деп санаймын.
Журналистикаға қатысты әртүрлі курстар ашылып жатырекен. Курстар қысқа-қысқа саланы үйретсе, мысалы,журналистиканың этикасы, сөйлеу мәнері, ораторлық өнер сияқты бағыттарын үйретсе қарсылығым жоқ. Ал, жалпы журналистиканы он күнде немесе бір, екі айда оқытып тастаймын деген жаңсақ пікір. Мүмкін емес десем де болады. Ондай курстар мен марафондар тез ақша табу мақсатында жасалынады деп ойлаймын. Төрт жыл бойы факультетте оқытылатын қаншама пәндерді, теория мен практиканы ешқандай курс алмастыра алмайды.
Көбісі журналистика мен блогерлікті шатастырып жатады. БАҚ туралы заң бар, өздеріңіз жақсы білесіздер, сонда көптеген заңнамалар бар. Оларды қолданбаса, тіл мәдениеті болмаса, сұрақ қою үрдісін білмесе көп сынға ұшырауы мүмкін. Кезінде отандық шоу-бизнестегі танымал әнші Қысқы Олимпиаданы тікелей эфирде жүргіземін деп әлем деңгейінде ұятқа қалғаны бар. Сондай қателіктер қайталанбаса екен деймін.
Қазіргі таңда БАҚ туралы заңға өзгерістер енгізілсе деген пікірлер айтылуда, төртінші билікке мейлінше еркіндік, тәуелсіздік берсе біздің журналистикамыз да сол бағыт бойынша дамитын еді.
Торғын Төлегенқызы