Қазақстан шаңғышы-журналистер клубы Shymbulak тау шаңғысы курортында гигант-слалом жарысына қатысты

6368

Гигант-слалом жарысы – халықаралық FIS ережесі және Халықаралық SCIJ клубының ішкі регламенті бойынша өткізілетін мәртебелі сайыс болып табылады. 2013 жылдан бері аталған Клубқа Қазақстанның шаңғышы-журналистері де мүше болып табылады.

Қазақстан клубы бұл жарысты осымен үшінші рет өткізіп отыр. Сайыс спортты серік еткен отандық журналистер үшін нағыз мерекеге айналды. Жарыста еліміздегі аса ірі 15 ақпарат құралының өкілдері бақ сынады. Олардың арасында «Время», «Тенгриньюс», «Адырна», «Jas qazaq», «Литер» , «МК в Казахстане», Prosports.kz, Vesti.kz, КТК телеарнасы және өзге де мерзімді басылымдар мен интернет сайттары бар.

International Ski Club of Journalists – шаңғышы-журналистердің халықаралық беделді клубы. 1951 жылы құрылған бұл клуб әлемнің 42 мемлекетіндегі журналистердің басын біріктіреді. Оның негізін Куршевельден шыққан тау шаңғышысы Жиль де Ля Рокк қалаған. Ол «қырғи қабақ соғыс» өршіп тұрғанда Батыс пен Шығысты жақындастыру мақсатымен осы жарысты ұйымдастыру жөнінде бастама көтерді. Журналистердің ең алғашқы басқосуы 1955 жылы француздың Мерибел тау шаңғысы орталығында өтті. Содан бері әлемнің 70-ке жуық шаңғы курортында SCIJ клубы аясында кездесу өткізіліп келеді.
Клубтың жыл сайынғы кездесулері Еуропа, Азия, Солтүстік және Оңтүстік Американың ең үздік шаңғы курорттарында өткізілді.

Тау шаңғысы және жазықта шаңғымен жүгіру ((Аlpine ski & Nordic ski) бойынша өткізілетін бейресми әлем чемпионатына әдетте дүниежүзінің түрлі елдерінен 200-ге жуық журналист қатысады. Олар жарыс өткізілген шаңғы курорты мен сол елдің туризм мүмкіндіктері туралы өздері қызмет ететін ақпарат құралында мақала жазады немесе ТВ сюжет жасайды. 2021 жылғы желтоқсанда халықаралық клубтың кезекті кездесуі Алматыда өтуі тиіс еді. Бірақ пандемияға бойынша бүкіл әлемде қалыптасқан жайсыз ахуалға байланысты Халықаралық SCIJ клубы кездесуді кейінгі шегерді. Соған қарамастан, отандық клуб мүшелері жаттығуды жалғастырып, шеберлігін шыңдап жатыр. Бүгінгі дүбірлі дода соның жарқын көрінісі.

Қазақстанда шаңғышы-журналистер клубы 2012 жылы құрылды. Ал 2013 жылы Халықаралық клубқа ресми түрде қабылданды. Содан бері түрлі елдерде өткен жарыстарға қатысып жүр. Он жылдың ішінде Клуб мүшелдерінің саны 5-тен 32 адамға дейін көбейді. Айта кеткен жөн, көптеген журналистер нақ осы SCIJ Қазақста клубының арқасында шаңғы тебуді үйренді.

Халықаралық SCIJ клубының басты қағидаларының бірі – тау шаңғысы спорты мен салауатты өмір салтын насихаттау. Мәртебелі мұратқа жетуге Shymbulak ТКШ өлшеусіз үлес қосып келеді. Шаңғы курорты журналистердің тұрақты түрде шаңғы тебуіне мүмкіндік туғызып қана қоймай, сырғанауды енді үйреніп жүргендерге тәжірибелі мамандардың көмегін ұсынады.

SCIJ Қазақстан клубының биылғы жарыстағы серктесі Еurasian Bank жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттауға түрлі сыйлықтар ұсынды.

Жарыс жеңімпаздары:

Слалом-гигант. Ерлер:

Андрей Кукушкин
Павел Михеев
Владимир Прокопенко
Слалом-гигант. Әйелдер:
1.Татьяна Николаева

Анастасия Наумецкая
Ирина Баженова
Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

Пікірлер
Редакция таңдауы
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket