Қазақстанның қорғаныс қабілеті қандай?

2599
Adyrna.kz Telegram

Күні кеше ҚР Қорғаныс саласында елеуліөзгерістер орын алды. Мұрат Бектанов қызметіненбосатылып, Руслан Жақсылықов министр болыпжаңа лауазымды иеленді.

Алайда оған дейін ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Үкіметотырысында барлау қүрылымдары мен қарулыкүштерді дайындау бойынша жаңа реформаларжасауды тапсырған еді.

Әсіресе әскериқызметшілердің табысын арттыру, әскерді қару-жарақпен, техникамен, көлік авиациясыменжарақтандыру мәселесіне ерекше назар аударды. Себебі елде соқыр үрей тудырған қақтығыстанкейін қалай да ҚР-ның қорғаныс қабілетін нығайтукерек екенін атап өтті.

Ел басына күн туса, қолына қару алып, майдан шебінің алдыңғы қатарында тұратын қазақтыңқайсар әскері бар. Тіпті соңғы келеңсіз жағдайлартуындаған уақытта сол жауынгерлер басын тауға, тасқа да соғып, күні-түні ел тыныштығынкүзетумен болды.

Өкінішке орай, ажалдыңқұшағында кеткендер де жоқ емес. Ер есімі - ел есінде, дегенмен апталдай азаматтарды жерқойнына тапсырғанымыз өкінішті өртейді. Халықарасында "біз іштен шыққан шұбар жыландарғаөзіміз төтеп бере алмаймыз, ендеше сырттан келгенжаудан қалай қорғанбақпыз?" деген қауесеттер де тарап жүр.

Мүмкін біз көп нәрседен хабарсызшығармыз. Сонымен Қазақстанның Қарулыкүштері туралы сіз бен біз не білеміз?

Қарулы Күштердің қатарына бір емес бірнешемекемелердің кіретіні белгілі. Бұл құрылым әскерибасқару органдары, Қарулы күш түрлері, арнайыдайындықтан өткен әскерлер, тыл және әскери оқуорындары, ғылыми мекемелерден тұрады.

Алғашында осындай жүйе болғанымен, кейінненүлкен өзгеріс енгізілді. Сөйтіп Қорғанысминистрлігіне Ішкі істер министрлігінің ішкіәскерлері, республикалық "Ұлан" , Ұлттыққауіпсіздік комитетінің шекара қызметі, аумақтықжәне азаматтық қорғанысты басқаратын органдарда енгізілді.

Аталған әскерилердің басты міндеті«Қазақстан Республикасының қорғанысы мен Қарулы Күштері туралы» ҚР Заңының 5-тарау 18-тармағында тайға таңба басқандай көрсетілген. Олар агрессия туындаған жағдайда тойтарысберуге, ел егемендігін қорғауға, аумақтықтұтастықты сақтауға, тіпті әуе кеңестігін күзетугежәне ҚР бекіткен халықаралық шарттардағыміндеттерді орындауға тиісті.

Бұл соғыс қаупітуындаған жағдайда жедел жүзеге асатынәрекеттер. Бірақ бұл Қарулы Күштер елде хаос орнаған жағдайда ғана өз қызметін атқарадыдегенді білдірмейді. Бейбіт кезеңдегі бастыфункциясы жауынгерлік даярлықты қамтамасызету, мемлекеттік шекараны күзету, маңызы бар әскери нысандарды бақылауда ұстау, кез келгенқиын жағдайда батыл іс-қимыл жасау, өзге де түрліоперацияларға қатысу сияқты факторлардықамтиды.

Қазақстан Тәуелсіздік алып, түрлі дағдарыстардандемігіп шыққанымен, бір кезеңдері геосаясижағдайымызда үлкен қиындықтар болды. Мәселен, шекараға таяу маңдағы қақтығыстар, экстремистіктоп өкілдерінің шабуылы. Осындайпроблемалардан айналып өту мақсатында 2007 жылы 27 наурызда ҚР Президентінің жарлығыменжаңа Әскери Доктрина бекітілген еді.

Әсіресе, қарулы жанжалдардың алдын алу және оны болдырмау, әскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету, әскери күштерді дамыту, саяси, дипломатиялық, әлеуметтік, экономикалық, ақпараттық, құқықтыққауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағықабылданған бұл ең дұрыс шешім болатын. 2003 жылдан бастап құрлық күштерінің өңірлікқолбасшылықтары құрылды.

Қазақстанның түкпір-түкпірінде орналасқан әскери бөлімшелер, бригадалар бірнеше орталыққа біріктірілді. "Астана" өңірлік қолбасшылығы - ҚР Жоғарғы бас қолбасшысы Ставкасының резерві. Ол Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстаноблыстарының әкімшілік шекарасында орналасқан.

Штабы Қарағандыда орын тепкен. "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы Шығыс Қазақстан мен Павлодар аймақтарының шекарасын қамтиды. Штабы Семейде. Батыс Қазақстан, Атырау (штаб орналасқан қала), Ақтөбе, Маңғыстауаймақтарының шекарасы "Батыс" өңірлікқолбасшылығына қарайды. Ал соңғы өңірлікқолбасшылық "Оңтүстік" деген атауға ие. ОлҚазақстанның киелі Түркістан, Жамбыл (штаб), Алматы, Қызылорда қалаларының шекарасындаорналасқан. Олардың әрқайсысының құрамынабелгіленген аумақтағы механикаландырылған, ракеталық, артиллериялық, инженерлік, танк бригадалары, жеке барлау полкілері, мотоатқышбатальондері кіреді.

Қазақ жауынгерлерін қару-жарақпен қамтамасызету 99 арнайы мамандандырылған компаниялардықамтитын 10 логистикалық база мен 9 барлауполисіне жүктелген. Сонымен қатар үкіметтарапынан жыл сайын үлкен көлемде қаржыбөлініп отырады. Мысалы, бір кезеңдері 3 млрд теңгеге Портативті спетрометлердің жиынтығы, КПО-1М үлгілеу жинақтағыштары, Биологиялықзаттарды таба алатын жаңа заманауи құралдарсатып алынған. Сондықтан Қазақстанда қазіргітаңда сүйретілетін артилериядан бастапжылжымалы зеңбіректер, дүркін артиллерия, тактикалық зымыран кешендеріне дейін бар. Қазақстан қорғаныс әлеуеті жөнінен әлем бойынша52-орынды иемденеді, ал тұрақты әскер саны бойынша 70-орынға жайғасқан.

Жоғардағы әскериөнімдерден бөлек қорғаныс күштерін жоғарғыдеңгейдегі техникамен толықтай жабдықтайтыннегізгі үш алып кәсіпорын бар. Олар: ҚазақстанПарамаунт Инжиниринг, Еурокоп Қаз. Инжиниринг, Гранит-Талес Электроникс. Бірібіздің әскерлерді Барыс, Номад, Арлан атауыменбелгілі броньдық көліктермен, ал екіншісі ЕС-145 тікұшақтарымен, үшіншісі радиолокациялықтехникамен қамтамасыз етеді.

1998 жылы 1 маусымда ҚР аумағында әуе қорғаныскүштері құрылды. Оның да белгіленген өзіндікмақсаттары мен жауапкершілігі бар. Олар еліміздіңәуе шебі қорғанысын қамтамасыз етіп, әскери, мемлекеттік және әлеуметтік нысандарды әуешабуылынан қорғап, ҚР Қарулы күштерінің өзге де құрылымдарына авиациялық көмек көрсетугемүмкіндік береді. Дәл осындай өздеріне жүктелгенміндетті абыроймен атқаратын әскери-теңізкүштері де Қазақстанда жұмыс істейді.

Қысқасы, еліміздегі қорғаныс саласының қанатықатайып келедіЖауынгерлері батыл, қорғанысымықты елді жау да, дау да ала алмайды. Алдағыуақытта әлі талай реформалардың жасалатынынажәне жүзеге асатынына кәміл сенеміз. Ұлтшылемес ұлтжанды, қайсар, қайратты, ел тыныштығынкүзетуге дайын жастарымыз аман болсын дептілейік!

Айжан СЫЛАНОВА

Пікірлер