Әлеуметтік желілерде Иманғали Тасмағамбетовтың фейк аккаунттары пайда болды

777

Мысалы, Instagram-дағы осындай аккаунттардың бірі tasmagambetov_official парақшасына 45 мыңнан астам адам жазылған, екіншісі – imaangali_tasmagambetov – жазылушылар саны мыңнан асады. Facebook-те де оның атынан парақшалар ашылған.

Иманғали Тасмағамбетов әңгіме барысында Stopfake.kz-ке бұл аккаунттарға қатысы барын жоққа шығарды. Ол әлеуметтік желілерде парақшалары жоқ екенін айтты:

«Құрметті достар!
Соңғы уақытта әлеуметтік желіде менің атымнан түрлі тақырыпта арандатушылық ақпарат жүктелген жалған аккаунттар мен парақшалар пайда болып жатыр. Сөз жоқ, бұл жеке менің абырой-беделімнен бөлек, әрбір азаматтың ғаламтордағы қауіпсіздігіне төнетін үлкен қатерді көрсетеді. Ресми түрде мәлімдеймін, менің әлеуметтік желіде ешқандай парақшам жоқ. Баршаңыздан мұндай арандатуға қарсы тұрып, жалған ақпарат таратпауларыңызды сұранамын.
Құрметпен, Иманғали Тасмағамбетов».

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket