Думан өлді: инстаграм неге шулап жатыр?

8394
Adyrna.kz Telegram

Көпшілік "5:32" сериалындағы детектив Думанның 8-серияда маньяктың қолынан қаза тапқанына шулап жатыр, деп жазады "Адырна" тілшісі. 

90-жылдардағы Қазақстанда өзекті тақырыпқа айналған маньяктар туралы "5:32" веб-сериалы жарық көрген болатын. Көпшіліктің көңілінен шыққан туындының әр бөлімін жұрт асыға күтеді. Ғаламторсыз аптадан соң тағатсыздана күткен сериалдың 8-бөлімі халықты қуантпады. Себеп, халықтың сүйікті персонажына айналған Думан есімді полицей қызметкері маньяктың қолынан қаза табады. Оның рөлін актер Қобыланды Болат сомдаған болатын. Ол өзінің инста парақшасында мынадай пост жариялады:

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от (@kobylandy_bolat)

 

Қалың көпшіліктің көзайымына айналған рөл иесін ендігі бөлімдерде көре алмайтынын ұққан халық: "Мен өкіріп жыладым", "Неге өліп қалдың бауырым?", "Думан, шедевр үшін рақмет! Ең үздік рөл!", "Өтірікші, өлмеймін дегеніңіз қайда?",  "Мен жыладым ғой" деген пікір айтуда.

Пікірлер