Бүгін, 17 шілдеде, Қазақстанда 42 500 теңге сомасында әлеуметтік төлемдер бойынша өтініштер қабылдау басталды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Бұл жолы жұмыс берушілерге салмақ түседі. Олар карантинге байланысты табысынан айырылған қызметкерлерді тіркеп, тізімін жасайды. Өтініштер қыркүйек айына дейін қабылданады. Бірақ бүгін Еңбек министрі Нұрымбетов құжаттарды барлығы бірдей тапсырудың қажет емес екенін атап өтті. Мысалы, студенттер ресми жұмыс істемеген болса, олар өтемақы ала алмайды. Егер құжаттары дұрыс болса, онда ол қызметі тоқтатылған компания басшылығына жүгінуіне болады.
42 500 теңге шектеулерге байланысты өз қаражаты есебінен демалысқа шыққандарға төленеді. Бұл, негізінен, санитарлық дәрігерлердің тыйым салуына байланысты қызметін тоқтатқан ұйымдардың қызметкерлері. Сондай-ақ тізімде жеке кәсіпкерлер, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, фрилансерлер және жеке практикада жүргендер де бар.
Өтінішдер бірден бірнеше платформаларда қабылданады, бұл екі сайт және Telegram бот. Министр былтырғыдай сәтсіздіктер болмайды деп уәде берді. Жұмыстан босатылған немесе 5 шілдеден бастап өз жұмысын тоқтатқандарға Нұрымбетов Жұмыспен қамту орталығына хабарласуға кеңес берді. Себебі ертең 42 500 теңгеге өтініш тапсыру мағынасыз болып шығуы мүмкін.
– Өйткені ол кезде өтініш берушіден Жұмыспен қамту орталықтарына хабарласқан-хабарласпағаны сұралады. Ал ол арада Сізге бос жұмыс орындары және жұмысқа орналасудың басқа мүмкіндіктері ұсынылады. Егер Сізге ыңғайлы жұмыс болмаса, сіз жұмыссыз ретінде тіркелесіз, ал ол кезде сіз 6 айға төленетін Әлеуметтік сақтандыру қорынан жұмыссыздық үшін әлеуметтік жәрдемақы алуға автоматты түрде жүгіне аласыз, – деді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов.
Жұмыс берушілер өз қызметкерлерінің мәліметтерін тексеруі керек. Өтініш беру үшін сізге компанияның БСН, қызметкердің ЖСН және оның банктік шотының 16-сандық нөмірі қажет. Бір уақытта 20 адамға дейін сұрауға болады. Қалғандары құжатты өздері толтыруы керек.
Бұл жолы аудандық, қалалық және салық мекемелері бәрін тексеретінін ескертеміз. Егер төлем шотыңызға келіп түсіп, ал бұл кезде кіріс жоғалтпағаныңыз немесе бұрын жұмыс жасамағаныңых анықталса, онда әлеуметтік сақтандыру қорының қызметкерлері жағдайға араласуы мүмкін. Егер ертең сәйкессіздік анықталса, онда осы қаражатты төлеген және соған жауап беретін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры сотқа шағымдана алады және төленген соманың қайтарылуын талап ете алады, яғни егер берілген ақпарат жалған болып шықса. Екінші жағынан, жұмыс беруші карантинге байланысты ақысыз демалысқа жіберген жұмысшыларына қатысты өтініш беруге міндетті. Егер олар жұмыс істейтін жұмысшыларға жүгінсе, онда бұл заң бұзушылық болып саналады.
– Егер тексеру барысында қандай да бір заңбұзушылық анықталса, онда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры аталған кәсіпорынды сотқа бергенге дейін төленген соманы қайтару үшін шара қолдана алады, – деді Біржан Нұрымбетов.
Жалпы, департамент бұл жолы өтініштер аз болады деп болжайды. Өйткені, қазір шектеулер төтенше жағдай кезіндегідей қатал емес. Процесті тездету үшін талаптар жеңілдетілді. Мәселен, өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар БӘТ-ті қайта төлеудің қажеті жоқ. Ал кейбіреулеріне сайтқа кірудің немесе Telegram-ға жазудың қажеті жоқ. Шенеуніктер кейбір адамдарға SMS күтуді сұрайды.
Фото: 7news.kz