Ежелгі Қытай мен Түркілер. Өткеннен сабақ ала-алдық па?

3692
Adyrna.kz Telegram

(жалғасы)

Қазірде қолдағы мәліметтерден байқайтынымыз, батыс өңірдегі елдер өзара ауызбірліктері болмағаидықтан, Қытайдан жеңіліп қалып отырған. Тіптен, Тезек тәңірқұт сияқты бірқатар тайпаларды өзінің қоластына қаратқан белгілі билеушілердің өзi де көрші мемлекеттердің алауыздығынан азап шегіп, Қытай билігін мойындауға мәжбүр болған. Сондықтан да қытай ықпалына түскендер біртіндеп көбейе берді. Осыған байланысты Қытай жылнамаларында: «Батыс өңірдің кіндік қағанатпен қарым-қатынасы ең жиі кезде ұзын саны 50 ел Хән әулетіне бағынышты болып тұрды. Тілмәш, қала бастығы, әмір, бағамдар, әкім, датлұқ, жүзбасы, мыңбасы, бас жасауыл, сақа, даңға, сардар, уэзірлерден өрлей бектер мен хандарға дейінгі 376 адам Хән әулетінің баулы таңбасын асынды. Жоғарыдағы санға жері шалғай болғандығы ceбeптi, Қаңлы, Ұлы Нүкіс, Парфия, Копен, Александрия және тағы басқа елдер кірген жоқ. Олар тарту-таралғы әкеліп, онан өз қарымжысын әкетіп те отырды. Олармен арадағы қарым-қатынас онан ары тектеліп, жазбаға түскен жоқ», - деген жолдар бар.

Алайда, Қытай Қаңлы тәрізді көшпелі мемлекеттерді біржолата мойынсұндыра алған жоқ. Олардың Қытайға елшілер жіберуі негізінен алғанда қөршілеріменен ырың-жырыңның көбейіп, ауызбірліктің болмауынан туындаған еді. Қаңлылардың Қытай деректерінде айтылғандай, әсіресе, үйсіндермен және ғұндармен күрделі қарым-қатынасы өздерінің үстемдіктерін арттыру үшін Кытаайдан көмек іздеуге итермеледі. Бірақ жоғарыда айтқанымыздай, Қытайдағы ішкi саясаттың күрделеніп кeтyi бұл мемлекеттің Қаңлы империясын үздіксіз қадағалап отыруына мүмкіндік бере қоймады. Сондықтан да жоғарыдағы қытай жылнамасы «олармен арадағы қарым-қатынас онан әрі тектеліп жазбаға түскен жоқ», дегенді айтады 

Хуанхэ өзенінің теріскей бетін мекендеген көшпелі халықтармен Қытай ежелгі замандардан-ақ жуықтасып-жұғысқанымен, бiз бұл қатынастардың сыр-сипатын тек б.з.д. 3-ғасырдан бастап қана індетіп айта аламыз. Сол дәуірде Цин императоры Ши-Хуан-Ди Қытайдың басын бipiктipyi және көшпелі ғұн мемлекетінің құрылуы аяқталды. Қытай мен Ұлы даланың шекарасын бөлген Қытай қамалы сол кездері салынды. Қамал Қытайдың географиялық шекарасы ғана емес, этнографиялық шекарасы арқылы да жүргізілді. Қабырғаның солтүстік жағында жүріп-тұрып жатқан, халықтарды қытайлар шыққан тегі, тұрмыс салты бойынша бөгде, тағы халық деп есептеді, ал саяси жағынан жау жұрт деп таныды. Біздің заманымызга дейінгі 72 жылы басталған Қытайдың ғұндарға қарсы жаңа шабулы елшілік жолмен жүргізіле бастады: қытайлар жымысқылана жүріп, көшпелі рулар арасына жік салып, алауыздық тудырды да, көршілері жоңғар үйсіндерін, саян динлиндері мен хинган ухуандарын ғұндарға қарсы айдап салды. Біздің заманымызға дейінгі 58-жылы ғұндардың өзішінен бұрқ еткен ру аралық соғыстар Қытай жеңісін жеңілдетеді. Тәж-таққа таласқандардың бipi Қытаймен одақ жасайды да, қалғандары қаза табады.[5]

Қорыта айтқанда, бүінгі жас ұрпақ өткенін білмей, өзін-өзі тани ала ма? Өзін кіммін деп таниды, қайдан шықтым деп ұғады? Оқу орындарында тек ХХ ғасырдың басынан ғана тарих пәнін оқытпақ. Бұл нағыз мәңгүрттерді тәрбиелеу саясаты.

Тарихтан Мөде деген бабамыз өткен. Ғұндардың әйгілі билеушісі туралы бүгінге жеткен аңыз көп. Соның бipi «Ойдағы ғұндар бегі Ұлы орданың жаңа тәңірқұты Мөдеге елші жіберіпті», - деп басталады. Аңыздың түйіні  мынау. Ғұндардың бегі қағанның арына тиіп, атын сұрағанда да, ханымын сұрағанда да нөкерлерінің қарсылығына қарамай көреген Мөде көpшi ханның тілегін қабыл еткен екен.Үшінші рет келген елші «Ұлы орда биыл Саржайлауға көшпей-ақ қойсын. Биыл оны мен жайлаймын - деген бұйымтай жеткізіпті. Нөкерлері «атыңыз бен қатыныңыздың қасында әулие ме, беріңіз», - деседі. Сонда Мөде: «Ағайынның алдыңғы екі тілегінн орындағаным - ат та, әйел де өзімдікі еді. Ал жер халықтікі. Бұл қорлыққа көнбейміз. Соғысқа әзірленіңдер», - депті.

Бұл жерде айтайын дегеніміз, сыртқы саясатта барлық әдіс-айланы салып, керек жерінде көршілеріне қарсы әскери күшті пайдалану арқылы елдің территориясын үлкейтуге бағытталған соңғы eкi мың жылдан астам уакытта өзгермеген империяның саясаты, соңғы ондаған жылдарда өзгере қоймас. Бұл мәселеде ұлы жазушы О. Де Гассеттің: «...бip күні таңертең тұрғанда Қытайдың шекарасы Орал тауына жетіп тұрса, оған таңғалмаңыз», - дегенін естен шығармауымыз керек. 

Сол кезде Қаңлы Қытайдаң ең қашық орналасқан түркі тайпаларының бipi еді: Ежелгі Ғұн, Қаңлы, Үйсін мeмлeкeттepiнiң орналасқан аумағы Орта Азияның дәл кіндігі, қазіргі Қазақстан территориясы. Сондықтан болашағымыз баянды болу үшін ішкі бірлігіміз мықты болып қана қоймай, түбі бip түpкі жұртының ауызбіршілігі өте қажет. Түркі халықтарының басын қосатын ел - Қазақстан болуы тиіс. Ceбeбi қазақ жepi - түбі бip түркі жұртының қара шаңырагғы. Қытайлар өз мектептеріндегі тарих пәнінде Жетicy жері қытайдың жepi деп оқытып жатқаны қаншама әңгіме болды. Бipлiгiмiз мықты болып, еліміздің мүддесіне аянбай қызмет етсек, бүгінгі тәуелсіз Қазақстан, ата-бабаларымз құра білген Сақ, Ғұн, Үйсін, Қаңлы, Түркі қағанаттары сынды бүгінгі әлемніңн де алдыңғы қатарлы еліне айналатынына сөзсіз сенеміз.

(Соңы)


Ардақ БЕРКІМБАЙ

Пікірлер