Соғыс және әйелдер мәселесін талқылаған жиын

1463
Adyrna.kz Telegram
Фото: Elorda-info.kz
Фото: Elorda-info.kz

1917 жылы 25 сәуір - 7 мамыр аралығында Омбыда Ақмола облысы қазақтарының съезі өтті.

Съезге Ақмола, Атбасар, Омбы, Көкшетау, Қызылжар қалаларынан 250-ге тарта өкіл қатысты. Орынбордан Міржақып Дулатұлы арнайы шақырылды. Съездің күн тәртібінде мемлекеттік құрылымға, жерге байланысты қазақ комитеттерін құруға, дінге, жерге, білімге, сот істеріне, құрылтай өткізуге, соғыс жағдайы мен әйелдер ісіне қатысты 17 мәселе шығарылды.

Съездің төралқасы құрамына А. Тұрлыбаев (төраға), Е. Итбаев пен М. Дулатов (төраға орынбасарлары), М. Саматов, А. Сейітов және Е. Тоқабаев (хатшылары) сайланды.

Көтерілген мәселе бойынша тиісті шешімдер қабылданды. Бұл шешімдер мемл. құрылыс жөнінде:

Ресей демокр., бір орталыққа қатаң бағындырылмаған республика болсын, ал бүкілресейлік құрылтай жиналысына әр халықтан санына қарай депутат сайлансын, сайлауға әйелдер де қатынассын; жер мәселесі бойынша қоныс аудару тоқтатылсын, бұрын алынған жерлер кері қайтарылсын, облысқа земстволық басқару енгізілсін, мектептерде оқу ана тілінде жүргізілсін деген мазмұнда болды. 1917 жылы мамыр айында Мәскеуде өтетін жалпыресейлік мұсылман съезіне делегат ретінде М. Жұмабаев сайланды.

Съез барысында 10 адамнан тұратын арнайы комитет құрылды, оның құрамында: Айдарбек Тұрлыбаев (төраға), Сейілбек Жанайдаров (төраға орынбасары), Асылбек Септов, Қазы Тұрсынов, Ермұхамед Тоқбаев, Төребай Нұралин, Сәдуақас Жантасов, Ерқосай Мұкышев, Байсейіт Әділов, Мағжан Жұмабаевтар болды.

Пікірлер