Әлемнің екінші экономикасы атанған алып елде дауыл соғып жатыр. Тұтас дүниені өзінің импорттық заттарымен қамтамасыз етіп отырған Қытай экономикасы АҚШ-тың санкцияларына қарсы тұра алмай, іштей үлкен дағдарысқа тап келді. АҚШ өкіметі Қытаймен импорттық байланыс жасайтын, әсіресе ІТ саласы бойынша қарым-қатынастағы елдердің бәріне санкциялық соққы жасайтынын мәлімдеді. Қытайға салынған экономикалық санкциялар Қытайдан импорт өнімдерін тасымалдайтын дамушы елдердің барлығына кері әсерін тигізуде. Қытай экономикасы соңғы 30 жылда болмаған ауыр жағдайды басынан өткеріп жатыр. Осыдан біраз бұрын ғана елдегі алып ІТ компаниясы санкциялық қара тізімге ілігіп, 120 мыңдай қызметкері жұмыссыз қалған еді. АҚШ тарапы дәл қазіргі уақытта Қытайдан қашып, бас сауғалап жатқан шетелдік кәсіпорындар мен компаниялардың бәріне көмек қолын созып, оларды Қытаймен іргелес елдерге қоныстандыруға кірісіп жатыр. Сонымен қатар АҚШ тарапы Қытайдағы өздерінің технологиялық кәсіпорындарының бәрін көшіріп жатыр. Соңғы ақпараттарға қарағанда, Қытайда 30 миллион үлкенді-кішілі кәсіпорынның 6 миллионы жұмысын тоқтатыпты. Кейбір мемлекеттік компаниялар өздерінің қызметкерлеріне жалақы төлей алмауда. Қытайда теміржол мемлекеттік компаниясы 740 миллиард доллар қарызға батса, ішкі инвестициялық айналымдағы қарыз көлемі 130 миллиард долларды құрапты. Дональд Трамптың шешімінен Қытай өнімдерін пайдаланатын америкалық көптеген телекаммуникация компанияларына да зиян келіп жатыр. АҚШ-тың соңғы санкциялық пакеті Қытайдан келетін 250 миллиард АҚШ долларын құрайтын импорттық заттарға баж салығын 25 пайызға арттырып жіберді. Қазір Қытай экономикасындағы құлдырау индексі 6,6 пайызды көрсетіп отыр.
Қытайдың жалпы ішкі өнімі 13,5 триллион АҚШ долларын құрайды. Бұл АҚШ-тан кейінгі әлемдегі екінші экономикалық держава. Қытай дүниедегі ең алып экспортер, ең үлкен импортер ел. Автомобиь жасап, экспортқа шығару жағынан да дүниенің ең үлкен нарығын алып жатыр. Солай, солай кете береді... Дәл қазіргі АҚШ пен Қытай арасындағы санкциялық соғыс экономикасы дамыған елдерге де, дамушы елдерге де, кедей елдерге де тұтасымен зардабын тигізіп жатыр. Қытай экономикасының тағдырына Ресей де алаңдап отыр. Дәл қазір АҚШ-тан келетін APPLE, BMW, TIFFANY өндіріс орындарының өнімдері дерлік тоқтатылды. Осы үш компаниядан келетін өнімнің өзі қытайдың нарығына триллиондаған долларға шығын алып келеді екен. Мұнымен қатар мұнай, болат өнімдері, басқа да шикізаттардың келуіне де тосқауыл қойылды.
АҚШ пен Еуроодақ тарапы Қытайдың «Бір белдеу – бір жол» ғасырлық жобасының іске асқанына мүдделі емес. Дәл осы алып жоба арқылы Қытай ондаған елдерге құрылыс пен жолдар салуға, электорстанциялар орнатуға, телекаммуникациялық желілер тартуға, мұнай мен газ кен орындарын игеруге, ауылшаруашылық өнімдерін өсіруге, басқа да преспективалы жоспарларды іске асыруға миллиардтаған долларлар беріп қарызға батырып тастаған. Қытайдың ғасырлық алып жобасы осындай құитырқылықпен іске асып жатыр. Олар дәл осындай ұзақ мерзімді экспанциялық жоспарлар құрып, қарызға кепілдік алып, бірнеше елдің территориялық тұтастығына да нұқсан келтіріп отыр. Бұл өте ақырын жүріп, анық басып келе жатқан тірлік. Дәл осы халықаралық транзиттік дәлізден сол белдеуде орналасқан елдер Украина, Ресей, Қазақстан, Азияның кедей елдері анық зардап шегеді. Сонымен қатар, Қытайдың экспанциялық жорығы оңтүстігіндегі Пакистанға, Бангладешке, Малайзияға, Африканың елдеріне де ұзақ мерзімге жоспарланған. Қытайдың геополотикалық жоспары осылай іске асып жатыр. Осы жоспарларды жүзеге асыру мақсатында әрбір қытайлықтың 10 доллары осы проектілерге мемлекет тарапынан жұмсалады екен.
Халықаралық биржа қорының бас экономисті Гита Гопинат та дәл қазір Қытайдың экономикасы мен ЖІӨ – нің айтарлықтай апатта тұрғанын мәлімдеді. Халықаралық биржа қоры Қытай экономикасы сарапшылар жоспарлап айтқаннан да ауыр жағдайда тұр деп отыр. АҚШ тың санкциясынан кейін Қытай юаны құлдырап кетті. Жалпықытайлық тауарға сұраныс төмендеді. Қытайлықтар зергерлік тауарларға жылына 120 миллиард доллар жұмсайды екен. Ал, туризм мен саяхаттау жағынан әлем бойынша саны жағынан ең үлкен көрсеткішті көрсетіп отыр. Қытай тұтыну жағынан әлемдегі ең алдыңғы қатардағы ел. Тіпті Үндістанды, Индонезияны, Нигерияны қосып алса да Қытайтың тұтыну көрсеткішіне 20 жылда жете алмайды екен. Олардың тұтыну көрсеткішін әлемдегі ешқандай елмен салыстыруға келмейді. Соңғы алты айда мемлекет мұны күрт тоқтатуға шешім қабылдады. Дәл қазір Қытай нарығында өсім жоқ, инвестициялық ахуалында қозғалыс төмендеп кеткен. Мемлекет халыққа шамасы келгенге дейін жеңілдіктерді қарастырумен әлекке түсуде. Бірақ одан әзірге нәтиже шығар емес. Каммунисттік партия елді тек тышынтыққа шақырып, бәрі де жоспар бойынша іске асып жатыр деп сендіруде. Оның үстіне партия Си Цзинпиді өмір бойы билікте қалу өкілеттігін бекітті. Қытайда каммунисттік ұлтшыл диктатура орнады. Ішкі кикілжің мен тоқыраудың, арпалыстың асқынғанынан дәл қазіргі уақытта өзге этностардың бәріне тіс салып, бұлқынып жатыр. Мұның барлығы елдің экономикалық тоқырауымен байланысты. Халықаралық адам құқықтарын қорғау ұйымдары қазіргі уақытта Қытайдаға лагерлердегі азаптауларды бақылауға алып, өз адамдарын жіберіп отыр. Қытай өкіметі оларға өтірік ақпараттар таратып, ол лагердерде адамдар білім мен кәсіп үйреніп жатыр деген желеумен Еуропадан келгендерін кіргізбей жатыр. Оның нәтижесі үлкен халықаралық дауға алып келіп жатыр. Каммунисттік партия елдің барлық қаражаты мемлекеттік инфраструктураларға, маңызды жобаларға жұмсалып жатыр деген ақпаратты халыққа тоқтаусыз таратып келеді. Одан Қытайдың мәселесі шешімін табар емес, керісінше, елде жұмыссыздықтың саны артып, елді тығырыққа тіреп барады. Көптеген провинцияларда жұмысшылардың жалақылары төленбей жатыр. Қытайдың дәл қазіргі экономикалық тарихы осындай.
Бекболат Қаржан
"Адырна" ұлттық порталы