Президент Трампқа қатысты сот ісі кейінге шегерілді

858
Adyrna.kz Telegram

Нью-Йорктің соты АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трампқа қатысты ауызбастырық бергені бойынша үкім шығару процесін белгісіз мерзімге кейінге қалдырды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы ВВС-ге сілтеп.

Бұл іс оның 5 қарашада өткен президенттік сайлауда жеңіске жеткеннен кейін қайта қаралуда. Алғашқы сот отырысы 26 қарашаға жоспарланған болатын.

Трамптың баспасөз қызметі судьяның шешімін «шешуші жеңіс» деп атады, ал қорғаушы тарап істі жабуды талап етуде.

Мамыр айында Трампқа порножұлдыз Сторми Дэниелске 130 мың доллар төлегені  және оны құжаттарда жасырғаны үшін 34 ауыр қылмыс бойынша айып тағылған еді. АҚШ тарихында Трамп қылмыстық іс қозғалған алғашқы президент болды.

Нью-Йорк сотының судьясы Хуан Мерчан тараптарға алдағы екі жарым апта ішінде істі әрі қарай қалай жүргізу керектігі туралы қосымша дәлелдер ұсынуға шақырды. Трамптың адвокаттары істі дереу жабуды талап етіп, соттың жалғасуы оның президенттік қызметіне кедергі келтіруі мүмкін екенін алға тартты. Алайда айыптаушы тарап үкімді кейінге қалдыруға дайын екенін, бірақ істі жабуға қарсы екенін мәлімдеді.

Трамптың баспасөз қызметі судьяның шешімін «шешуші жеңіс» деп бағалап, бұл жағдайды «саяси қудалау кезеңінің аяқталуы» деп атады. Трамптың коммуникациялар жөніндегі директоры Стивен Чун:

«Президент Трамп үлкен жеңіске жетті. Американ халқы оған президенттік қызметті жалғастыруға мандат берді. Бұл сот істері енді өткеннің қалдығы ретінде жойылады, ал біз Американы қайтадан ұлы етуге назар аударамыз», - деп хабарлады.

Президент Трамп 2016 жылғы сайлау кезінде Сторми Дэниелстің үнсіздігін қамтамасыз ету үшін “ақша төледі” деп айыпталған. Ол өз кінәсін мойындамай, істі саяси астары бар деп санайды. Ал қорғаушы тарап бұл істі дереу жабуды талап етуде. Сот ісінің әрі қарай қалай жалғасатыны әлі белгісіз.

Пікірлер