Air Astana әуе компаниясы рейсті кешіктіргені үшін айыппұл арқалады

852
Adyrna.kz Telegram
Фото: somolest.com
Фото: somolest.com

Air Astana әуе компаниясы Ақтауға рейстің 15 сағатқа кешігуіне байланысты айыппұл төледі, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы «Ладаға» сілтеп.

«Air Astana әуе компаниясы Ақтауға рейстің 15 сағатқа кешігуіне байланысты айыппұл төледі. Әуе жолаушыларының құқығын Маңғыстау көлік прокуратурасы қорғады», - деп жазады жергілікті басылым.

Компания әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 1 846 000 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Жолаушыларға қонақүй, тамақтану, ана мен бала бөлмесі, сондай-ақ әуежайдан қалаға тасымалдау қарастырылмаған. Бұл жағдай 12 тамызда, жолаушылар Ақтаудан Алматыға ұша алмай қалған кезде орын алған.

Айта кетейік, 2024 жылдың 3 қыркүйегінде сағат 10:30-да Астанадан Алматыға ұшатын Эйр Астана 852 рейсінде компания қызметкерлері Бибігүл Төлегеноваға дөрекілік танытқаны айтылды.

Пікірлер