Бауыржан Байбекке қатысты іс қозғалды ма?

253
Adyrna.kz Telegram
Коллаж: CMN.KZ
Коллаж: CMN.KZ

Бұрынғы Алматы әкімі Бауыржан Байбек «Болашақ» бағдарламасының түлектерінің жарқын өкілі әрі «ескі Қазақстанның» белгілі тұлғаларының бірі. Экс-әкімнің жұмысы жиі сынға іліккен, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы CMN.KZ редакциясына сілтеп.

Ол Алматы секілді қаржы орталығының әкімі ғана емес, ұзақ уақыт бойы «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарған. Алайда Қаңтар оқиғасынан кейін экс-әкімнің қызметі жиі сынға алынып, оған қатысты тергеу басталды деген қауесеттер тарады.

Тергеу тіркелмеген

29-30 қазан күндері Қазақстанның Қаржылық мониторинг агенттігі мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі редакцияның сауалына жауап беріп, Байбекке қатысты қылмыстық істердің жоқ екенін мәлімдеді.

«Бауыржан Байбек ҚМА өндірісіндегі істердің фигуранты емес екенін хабарлаймыз», - делінген.

«Қазіргі уақытта Антикордың және оның аумақтық бөлімшелерінің өндірісінде Бауыржан Байбекке қатысты қылмыстық істер жоқ», - делінген Антикор хабарламасында.

Қараша айының басында Ішкі істер министрлігі (ІІМ) де жауап берді, бірақ экс-әкімнің аты-жөнін нақты атамады.

«Аталған тұлғаға қатысты тергеу тіркелмеген», - делінді жауапта.

Ал Ұлттық қауіпсіздік комитетінен (ҰҚК) әлі жауап түспеген.

Қоғамдық пікір: Байбекке күдік бар ма?

Михаил Козачковтың Telegram арнасында 5 қараша күні Бауыржан Байбекке қатысты жемқорлық күдігі туралы ақпарат жарияланды. Оның айтуынша, экс-әкімнің Алматы әкімі болып тұрған кездегі әрекеттері тексеріліп жатыр.

Байбек отбасының мүлкі: шетелдік активтер бар ма?

Бауыржан Байбектің өзі активтерге иелік еткені байқалмаған. Ол әлі де «Болашақ» халықаралық стипендиаттар қауымдастығының тең құрылтайшысы болып табылады. Дегенмен, оның әкесі Қыдырғали Байбек пен анасы Алтынай Байбектің Қазақстандағы бірқатар элиталық жылжымайтын мүлікке иелік ететіні белгілі.

Әкесінің жылжымайтын мүлкі:
1. Алматы:
- Esentai Apartments: 2015 жылы 485,8 шаршы метрлік пентхаус (507 млн теңгеге).
- «ТАҢ НҰРЫ» ТК: 2016 жылы 544,8 шаршы метрлік пентхаус (192,8 млн теңгеге).

2. Астана:
- 2021 жылы Green Village» тұрғын үй кешенінде екі элиталық пәтерге (220,1 және 247 шаршы метр) иелік етті.

Анасының жер телімі:

2023 жылы Алтынай Байбек Ақмола облысы Қызылжар ауылындағы жер телімінің мақсатын өзгертіп, «ғимараттарды пайдалану» категориясына өткізген. Жалпы ауданы – 1,1706 гектар.

Пікірлер