«Әлем аруы» финалы қатысушылар арасында Ковид-19 өршуіне байланысты кейінге қалдырылды

2471
Adyrna.kz Telegram

«Әлем аруы» финалы қатысушылар арасында Ковид-19 өршуіне байланысты соңғы сәтте кейінге қалдырылды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Орда.кз сайтына сілтеме жасап. 

Жарыс 17 желтоқсанда өтуі керек еді.

17 желтоқсанда Пуэрто-Рикода өтуі тиіс «Әлем аруы-2021» байқауының финалдық қатысушылары арасында коронавирус жұқтыру жағдайларына байланысты кейінге қалдырылды. Бұл туралы аталған байқаудың Facebook желісіндегі парақшасында хабарланды.

Байқауды кейінге қалдыру туралы шешім ұйымдастырушылар мен қатысушылардың қосымша ПТР тестілеуінен кейін жарияланды. Бірнеше адамнан алынған сынақ  оң нәтиже көрсетті.

Жұқтырғандардың барлығы карантинге жатқызылды.

Ауырған қыздардың аты-жөні айтылмады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, финал алдағы 90 күн ішінде міндетті түрде өтеді.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер