Алматы қаласында Қазақстан халқының бірлігі күні кең көлемде аталып өтті, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Басты іс-шаралар Республика сарайы алдындағы Абай алаңында сағат 10:30-дан 21:00-ге дейін өтті.
Алматылықтар мен қала қонақтарына арнап Роза Рымбаева, L Duo дуэті, дарынды пианист Темірлан Бейсенбай (Ratovich), «Diamond» струнды триосы, дудукист Мейірман Абдрахманұлы, «Дервиши», «Made in KZ» топтары өнер көрсетті. Одан бөлек, концерттің хедлайнерлері — Башқұртстаннан келген Ay Yola тобы болды. Олар өздерінің танымал «Homay» әнін орындап, көпшіліктің ықыласына бөленді.
Айта кетейік, Башқұрттың Ay Yola тобы шығарған Homay әні әлемге танылған болатын. Бұл оқиға тек музыкалық жетістік қана емес, сонымен қатар башқұрт мәдениетінің халықаралық деңгейде мойындалуының нышанына айналды.