Желтоқсан құрбандарына гүл шоқтары қойылды

3052
Adyrna.kz Telegram

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев, оның орынбасарлары, аудан әкімдері, қоғам қайраткерлері, желтоқсан және жастар ұйымдарының өкілдері 1986 жылғы желтоқсан оқиғаларының құрбандарын еске алды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы  Zakon.kz сайтына сілтеме жасап. 

Алматы қаласы әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, ескерткішке гүл қою рәсімінен кейін жиналғандар сол оқиғаларда қаза болғандарды бір минут үнсіздікпен еске алды. Дін өкілдері еске алу үшін құран оқыды. Осыдан соң  желтоқсаншыларға арнайы ас ұйымдастырылды.

«Тәуелсіздік таңы» монументі 2006 жылы Тұңғыш Президент – Елбасы Н. Назарбаевтың қатысуымен Желтоқсан-Сәтбаев көшелерінің қилысында ашылғанын, жастар армандаған Тәуелсіз Қазақстанда өмір сүріп жатқанымыз ерекше аталып өтіп еді.

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың желтоқсаншылардың ерлігін мәңгі есте қалдыру туралы тапсырмасына сәйкес Алматыда сол оқиғалардың құрметіне «Желтоқсан» деп аталатын саябақ ашылды. Сонымен қатар, осы саябақта орнатылатын ескерткішті дайындауға шығармашылық байқау жарияланды.

Айта кетсек, 1986 жылғы 17-18 желтоқсанда Алматыда КОКП ОК Бас хатшысы Михаил Горбачевтің Қазақстан Компартиясының бірінші хатшысы Дінмұхамед Қонаевты қызметінен босатуы және оның орнына Қазақстанда бұрын-соңды жұмыс істемеген Ульянов обкомының бірінші хатшысы Геннадий Колбинді әкелуі туралы шешіміне байланысты толқулар басталды. Жиналғандар ел басшысы лауазымына байырғы халықтың өкілін тағайындауды талап етті. Митинг жаппай тәртіпсіздіктерге ұласты.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер