Ұлттық статистика бюросының өкілдері елімізде Қазақстан, Егемен, Тәуелсіздік есімді қанша адам барын айтты, - деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "Tengrinews.kz-"ке сілтеме жасап.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, елімізде Қазақстан есімді 35 адам бар, оның тоғызы Ақмола облысында, сегізі Қарағанды облысында, бесеуі Нұр-Сұлтанда, үшеуі Қостанай облысында және Шымкент қаласы мен Алматы, Маңғыстау облыстарында екі адамнан тұрады. Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан және Павлодар облыстарында бір адамнан бар.
Ал Қазақстанда Егемен есімді алты адам бар екен. Олар — Алматы қаласында, Ақтөбе, Алматы, Қарағанды, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстарында. Сондай-ақ елімізде Тәуелсіздік есімді бір адам бар, ол — Қарағанды облысының тұрғыны.
Елбасы есімді 65 адам бар екен, ал Қасым-Жомарт есімді екі адам бар.
"Адырна" ұлттық порталы