Рахат Әлиевтің анасы қайтыс болды

1087
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/05/f01bdd87-a0f8-4aa9-8592-c3947e1608be-960x500.jpeg?token=b76773a662c46390d1dd9c53f8c6a569

Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бұрынғы күйеу баласы Рахат Әлиевтің анасы Минавар Әлиева қайтыс болды. Бұл туралы Рахат Әлиев пен Дариға Назарбаеваның ұлы Нұрәлі Әлиев Instagram парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

«Менің асыл әжем Минавар Қадышқызы бізбен қоштасып, мәңгілік мекеніне аттанды. Ол мен үшін ерекше жан еді. Балалық шағымның алғашқы кезеңдерін оның жанында өткіздім. Әжем менің тәрбиемде ерекше рөл атқарды. Маған шексіз махаббат пен даналық сыйлады. Ол — жақсылықтың, даналықтың, сұлулықтың бейнесі еді» деп

жазды немересі.

Сонымен қатар, Нұрәлі Әлиев жақында ғана үйінде болғанын әрі сол жүздесу олардың соңғы кездесулері екенін айтты.

«Өткен аптада мен оның үйінде екі күн болдым. Біз өмір туралы, балалар мен отбасы жайлы сөйлестік. Іштей бұл соңғы кездесуіміз болуы мүмкін екенін сездім. Шынында, ол сәт мен үшін мәңгілік естелікке айналды. Бүгін таңертең әжемнің түнде ұйықтап жатып о дүниеге аттанғаны туралы хабар келді», — деді Нұрәлі Әлиев.

Комментарии