Алматылық жасөспірім жиырмасыншы қабаттан секіріп кетті

6347
Adyrna.kz Telegram

Алматыда 11 желтоқсан күні таңертең 2005 жылы туған жасөспірім Манхэттен тұрғын үй кешенінің жиырмасыншы қабатынан секіріп кетті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Он алты жасар жас жігіт алған жарақатынан дәрігерлер келгенше сол жерде көз жұмды.

Алматы қалалық полиция департаменті бұл дерек сотқа дейінгі зерттеудің бірыңғай реестріне  Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi 105-бап. 1 т. бойынша тіркелгенін хабарлады.

Қылмыстық істі Алмалы аудандық унитарлық кәсіпорнының полиция бөлімі тергеп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды.
Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі

Мән-жайларды анықтау бойынша кешенді шаралар жүргізілуде.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер