Тоқаев микрочип дайындау туралы ұсыныс тастады

2843

Мемлекет басшысы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысында микрочип өндірісін бастауды ұсынды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Zakon.kz сайтына сілтеме жасап. 

Қасым-Жомарт Тоқаев одақтың машина құрастыру саласына жаңа бірлескен кәсіпорын қажеттігін айтты. Әлем бойынша электронды қызметтер мен өнімдерге сұраныс кейінгі 3 жылдан бері артып келеді.

Инновациялық әрі технологиялық бұйымдар жасау секторында қызу бәсекелестік жүріп жатыр.

Бірақ микрочип пен компьютерлік элементтердің жетіспеушілігі байқалады. Оның салдарын біздің елдердің машина құрастыру саласы көріп отыр. Сондықтан одақ тарапынан осы салада бірлескен кәсіпорын құру бастамасы көтерілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтердің ғылыми-зерттеу институттарымен бірігіп аталған жобаны қолға алу керектігін атап өтті.

Біз үшінші жыл қатарынан цифрлық өнім мен электронды қызметтерге үлкен сұраныс барына куә болып келеміз. Бұл ретте эксклюзивті, инновациялық технологиялық шешімдерге ғана емес, қарапайым цифрлық шығыс материалдарына да күрес болып жатыр. Бүгінде әлемдік нарықта компьютерлік элементтер мен микрочиптердің жетіспеуінен машина жасауда жүйелі кідірістер байқалып отыр. Бұл біздің елдердің машина жасау саласына да әсер етеді. Осыған байланысты біздің үкіметтерге ғылыми-зерттеу институттарының көмегімен, машина жасау саласы үшін микрочиптер мен компьютерлік элементтер шығару бойынша бірлескен кооперативті жобаларды пысықтауды ұсынамын, деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket