Қазақстан Қырғызстанға 1000 автобус экспорттайды

3118
Adyrna.kz Telegram

Қырғызстанның қазақстандық өндірістегі көліктерді сатып алуы туралы меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды "Адырна" сайты.

Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Мамин мен Министрлер Кабинетінің Төрағасы – Қырғыз Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы Ақылбек Жапаровтың қатысуымен қол қою рәсімі өтті.

Құжатқа Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов, Қырғыз Республикасының Экономика және коммерция министрі Данияр Амангелдиев, Бішкек қаласының әкімі Айбек Джунушалиев және «Allur» компаниялар тобы» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Андрей Лаврентьев қол қойды.

Меморандум 2022 жылы лизинг шарттарымен Қырғызстанға 1000 бірлік Yutong электр, газ және дизельді автобустар мен 100 қазақстандық өндірістің арнайы техникасын жеткізуді көздейді.

Автобустар жолаушылар көлігінің электронды диспетчерлік жүйесімен және ONAY PAY жол ақысын автоматты түрде жинау жүйесімен жабдықталады.

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Это спасет потенцию даже в 70 лет! Продается в каждой аптеке...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пенсионерка: "Мне 98, а суставы как в 16 лет! На ночь мажу…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Пікірлер