Сербия президенті АҚШ-та сырқаттанып қалды

907
Adyrna.kz Telegram

Сербия президенті Александр Вучичтің денсаулығы күрт нашарлап, ол Белградтағы әскери-медициналық академияға жатқызылды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Tanjug мемлекеттік агенттігіне сілтеп.

Ақпаратқа сәйкес, Вучич АҚШ-қа жұмыс сапары кезінде өзін жайсыз сезініп, медициналық көмекке жүгінуге мәжбүр болған. Делегация мүшелерінің айтуынша, оның кеуде тұсында қатты ауырсыну байқалған. Бұл жағдайдан кейін Вучич шұғыл түрде елге оралып, академияға жеткізілді.

Медициналық мекемеде оны Сербия денсаулық сақтау министрі Златибор Лончар мен кардиолог Драган Динчич қарсы алған. Дәрігердің айтуынша, қазіргі таңда президенттің жағдайы тұрақты. Алайда алдағы күндері оған толыққанды жұмыс істеуге рұқсат берілмейді.

«Президент АҚШ-та бірнеше конгрессменмен және серб кәсіпкерлерімен кездескен. Сол кезде өзін жайсыз сезініп, көкірек тұсында ауырсыну сезді. Бұған дейін де Вучичтің қан қысымына байланысты денсаулығында мәселелер болған», — деді доктор Динчич.

Пікірлер