Қырғызстандағы "Қаракөл" тау шаңғы базасында апат болды

1338
Adyrna.kz Telegram
Фото: ru.sputnik.kg
Фото: ru.sputnik.kg

Қырғызстанның "Қаракөл" тау шаңғы базасында 1 ақпан күні аспалы жолдың бір тірегі құлап, бірнеше адам биікте қалып қойды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Kaktus.Media сайтына сілтеме жасап.

Оқиға Қаракөл шатқалында орналасқан тау шаңғы кешенінде болған. Қырғызстан төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, техникалық топ дер кезінде шара қолданып, адамдарды қауіпсіз жерге түсірді.

"Шаңғы базасының техникалық қызметі қажетті шараларды қабылдап, адамдарды қауіпсіз жерге түсірді. Сонымен қатар, демалушыларға түсіндіру жұмыстарын жүргізу және қауіпсіздік шараларын бақылау үшін Қаракөл қаласының №15 төтенше жағдайлар бөлімінің жедел тобы жіберілді", – делінген ТЖМ хабарламасында.

Қазіргі уақытта оқиға орнына мамандар барып, төтенше жағдайдың себебін анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Суставы болят не от старости! Найден злейший враг боли в суставах
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пенсионерка: "Мне 98, а суставы как в 16 лет! На ночь мажу…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Пікірлер