БАҚ: Көлікті жарып, Ердоғанға шабуыл жасамақ болған

3755
Adyrna.kz Telegram

Түркияның арнайы қызмет өкілдері Ердоған қатысуға тиіс митингте теракт жасалмақ болғанын айтты. Билеуші партияның төраға орынбасары Хамза Даганың сөзінше, арнайы қызмет өкілдері көліктерді тексеру барысында бомбаны тапқан.

«Жарылғыш зат Мардинде жұмыс істейтін полиция көлігіне орнатылған. Көлік Сииртке келгенде оны жару жоспарда болған. Олар осылайша митингті тоқтатып, бейбітшілікке нұқсан келтіруді ойлаған», — деді Хамза телеарналарға берген түсініктемеде. Қазіргі таңда күдіктілерді іздеу жалғасуда.

Ердоғанды қолдау митингі Сииртте өтті. Ердоған елдегі жағдайды тұрақтандырып, экономиканы өсіруге уәде етті.  Сарапшылар теракт жасап, артынша президентке шабуыл жасалмақ болған дейді. 2018 жылы Түркия арнайы қызмет өкілдері Ердоғанға Босния және Герцеговинаға барар сәтте шабуыл жасалуы мүмкін екендігін айтқан еді.

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Пікірлер