АҚШ-тағы қазақ әжей Әсия Сардарбек 105 жасында қайтыс болды

6697
Adyrna.kz Telegram

АҚШ-та 105 жастағы қазақ Әсия Сардарбек өмірден озды. Бұл туралы журналист Дархан Өмірбек өзінің Facebook желісінде хабарлады, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы.

Әсия Сардарбек 1916 жылы Мойынқұмда (Жамбыл облысы) дүниеге келіп, Кеңес өкіметінің қуғын-сүргінінен екі рет аман қалған. Ол алғаш рет 1920 жылдардағы ұжымдастыру кезінде әкесімен бірге, екінші рет Кеңес Одағы Ауғанстанға әскер кіргізгенде қашуға мәжбүр болған. Кейін Түркияда, Германияда тұрған.

- Кеше (27 қараша) сағат 5:20-да жүріп кетті. Балалары мен немере-шөберелерінің бәрі қасында болды. Совет одағына дейін туып, одақтың ыдырауынан кейін 30 жыл өмір сүрген Әсия апаның өмірінде қазақ халқының ғасырлық тарихы жатыр, - деп жазды автор.

105 жастағы Әсия Сардарбек өмірінің соңғы 40 жылын АҚШ-та өткізген. Вирджиния штатындағы қарттар үйінде тұрғанымен, АҚШ билігі 101 жасқа келгенде оған пәтер мен күтуші сыйлаған.

"Адырна" ұлттық порталы

 

Пікірлер