«Қасірет пен тағдыр»: әдеби-қонақжай кеш ұйымдастырылды

2817

Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына, Қазақстанда балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылына орай , «Парасат жолы» орталығында, «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында жазушы, Халықаралық «Алаш сыйлығының иегері» Сәуле Досжанның «Қасірет пен тағдыр» кітабынан әдеби-қонақжай кеші ұйымдастырылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Кешке Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Мамыт Айдос Жанұзақұлы, «Парасат жолы» орталығының мүшелері: ақын,Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Жазушылар Одағы Атырау облыстық филиалының төрағасы Жылқышиев Қойшығұл Өмірұлы, Еңбек ардагері, Атырау қаласының құрметті азаматы Сүлейменов Сүйеғали Рахымұлы, тарихшы-өлкетанушы Аманғали Әміржанұлы, «Белсенді ұзақ өмір сүруді әлеуметтік қолдау» орталығының ұйымдастырушысы Масалимова Салтанат Мұрасбекқызы мүшелерімен және Қ.Дүтбаева атындағы гуманитарлық колледжі мұғалімі Қапанова Жанерке Бақытбекқызы студенттерімен қатынасты.

Кітапханашы Байешева Ғалия Сәлімжанқызы С.Досжанның «Қасірт пен тағдыр» кітабында бас кейіпкер Аяулымның басынан өткен қызығынан қиындығы көп, күлкісінен күңіренгені көп оқиғалар тізбегін шара қонақтарының қатысумен талқылап, кеш қонақтары ой-пікірлерін ортаға салып, шара өз деңгейінде өткенін атап өтті.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket