Шымкент әкімінің орынбасары бірқатар нысандарды аралады

1336
Adyrna.kz Telegram

Шымкент қаласы әкімі орынбасары БАҚ өкілдерімен бірге қаладағы бірқатар нысандарды аралады. Сонымен қатар, Мақсұт Исахов жастардың спорт секциясына жаппай жазылып жатқанын айтты. Ең бастысы, баспасөз туры барысында Д. Қонаев-Т. Рысқұлов көшесі қиылысындағы жолайрықтың қазан айында аяқталатын атап өтті.
Д. Қонаев даңғылы құрылысының 3-кезеңі бүгінгі таңда қарқынды жүруде. Шымкент әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов жұмысшылардың қауіпсіздігі мен құрылыстың сапасы басты назарда екенін жеткізді. Мұнда қазір мемлекет мұқтажына алынған үйлерді сүру сынды жұмыстар жүргізілуде.

Мақсұт Исахов, Шымент қаласы әкімінің орынбасары: «100-ден астам үйлерді, бизнес обьектілерді, нысандарды сатып алу керек. Қазіргі таңда сол сатып алу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Жаңа көрдіңіздер ғой, «Абай» деген магазинді бұзып жатырмыз, «Жібек Жолы» деген магазинді бұзып жатырмыз. Тағы 1-2 май құю бекеттерін сатып алу керек. Темір жолдың арғы бетіне келетін болсақ, осы теміржолды астымен өтіп кетеді болашақта. Міне, үстімен көпіржол салып жатырмыз, мына көпір салынғаннан кейін мына теміржол алынады. Мынау уақытша теміржол».

Қонаев-Рысқұлов көшесі қиылысындағы жолайырықтың құрылыс жұмыстарымен журналистерді таныстырған қала әкімінің орынбасары нысанды ағымдағы жылдың қазан айында тапсыру жоспарланып отыр.

Мақсұт Исахов, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары: «Тырысып жатырмыз береміз қазан айында, Алла қаласа. Бұл жерде кедергі сол болған май құю бекеті. Ол мәселе шешілді. Одан кейінгі мынау қымбаттау мәселесі болған. Оны да мына кезең-кезеңімен шешіп келе жатырмыз. Бірақ сол айтылған уақытта бітіруге тырысамыз. Басқа кедергі жоқ».

Мақсұт Исахов содан соң мемлекеттік тапсырыспен жан басына қаржыландыру жобасына қамтылған бірқатар жекеменшік спорттық нысандарға барды. Соның бірі фитнес орталығы. Мұнда 4 пен 18 жас аралығындағы балаларды қабылдайды.

Расул Егембердиев, жаттығу залының директоры: «Ата-анадан 12 мың теңге алатын едік, қазір оны мемлекет төлеп жатыр. Бізге мемлекет төлеген жақсы. Не үшін дегенде, жағдайы жоқтар осы жерге кеп қатыса алады тегін. Оларға өкімет төлейді».

Тұрғындардың мазасын алып жүрген мәселенің бірі – интернет желісі. Бұл сала да Мақсұт Исахов жетекшілік ететін салалардың бірі. Қаратау ауданына қарасты 4 мыңнан астам үйі бар «Ақжайық» шағынаудан халқы интернет желісіне қатысты мәселені көптен бері айтып келеді. Қазіргі таңда 400 шақырымдық абоненттік кабель тартылыпты. Онда өтініш қалдырған 500-ден астам отбасы жоғарғы жылдамдықты сапалы интернетке қол жеткізіп отыр.

Әсет Әбдірахманов, Шымкент қалалық цифрландыру басқармасының басшысы: «Қазіргі таңда мынау «i-LinkNet» компаниясы «Ақжайық» мөлтек ауданынан бастады. Сонымен қатар, «Достықты» 100 пайыз қамтып қойды. Жалпы 650 км. Бұл жерде 35 мың халық тұрады. 1991 жылдан бері сапалы интернет болмаған. Қазір міне жүргізіп жатырмыз».

Айта кетейік, биыл Шымкентте 300 шақырымнан аса жолды жөндеуден өткізу жоспарланып отыр. Ал былтыр бұл көрсеткіш 400 шақырым жолды құраған. Ақжағалылар уақыттың тығыз екенін айтады. Бірақ дер кезінде аяқтаймыз деп сендіріп отыр. Ал сапа – басты назарда болады дейді.

Пікірлер