Өңірлерде 12 жастағы балалар мен жүкті әйелдерге вакцина салу басталып кетті

2641
Adyrna.kz Telegram

Қызылорда облысында 12-18 жас аралығындағы балалар және жүкті әйелдер мен бала емізетін әйелдерге арналған Pfizer вакцинасы салына бастады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Айқын басылымының мәліметінше, алғашқы болып медициналық колледждің студенттері екпе алған. Бүгінге дейін 70 студенттің ата-аналары балаларына вакцина салу­ға келісім берген көрінеді.

«Бүгінде барлық емханаларда дайындық жұмыстары пысықтал­ған. Арнайы орталық қоймаға 2 тоңазытқыш әкелінді. Өткен аптада Pfizer-дің 23 400 дозасы жеткізілді. Ол ата-аналардың келісімімен 12-18 жастағы жасөспірімдерге, 16-37 апта аралығындағы жүкті әйелдер мен босанғанына 42 күн болған емізуші әйелдерге салынады», – деді облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Жангелді Шаймбетов.

«Жалпы, Қызылорда облысы «жасыл» аймақта. Өңірде осы індетпен ауырғандардың 96 пайызы емделіп шықты» дейді ақ халаттылар.

Вакциналау жұмыстары бас­тал­ғалы бері облыста вакцинаның 1 компонентін 385 601, екінші компонентін 320 783 адам алған.

”Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер