Бас қалада автобус жарылып кетті - қайтыс болғандар бар

817

Жарылыс 15 қарашада Ауғанстан астанасы Кабулда болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Ауғанстандық Pajhwok агенттігінің хабарлауынша, оқиға Коте-Санги ауданында болған. Екі жолаушы зардап шекті, біреуі қайтыс болды.

Жарылыстың себебі туралы ақпарат жоқ.

Бұған дейін Кабулдағы Сардар Мұхаммед Дауд Хан атындағы ең ірі әскери госпитальда екі жарылыс болды. Кем дегенде 15 адам қаза тапты.

Оған терросрист-жанкештінің өзін-өзі өртепғ жарып жіберуі себеп болған. Оқиғаның куәгерлері «Ислам мемлекетінің» бірнеше содыры (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) аурухана ғимаратына басып кіріп, олар Талибан өкілдерімен төбелескенін айтады.

"Адырна" ұлттық  порталы

Пікірлер
Ұқсас жаңалықтар