Әндіжандағы мешітте жарылыс болып, үш адам қаза тапты

399
Adyrna.kz Telegram
Фото:ФББ
Фото:ФББ

Өзбекстанның Әндіжан облысындағы мешіттің дәретхана бөлмесінде газ-баллон қоспасы жарылып, салдарынан үш адам қаза тапты, тағы 10 адам жараланды. Бұл туралы елдің төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Ақпаратқа сәйкес, 31 наурыз күні сағат 12:19-да Әндіжан облысының Ізбасқан ауданындағы мешітте болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, 6 азамат зардап шеккен.

Жарылыс нәтижесінде үш адам (М.А., Ж.А. және Б.Б.) қаза тапты, тағы 10 адам (Г.Т., А.А., Х.З., И.Р., М.М., И.Ш., К.К., У.Б., М.А. және М.Б.) жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.  

Сонымен қатар, дәретхана бөлмесінің қабырғалары мен шатыр құрылымдары бұзылды.  

Оқиға орнына облыс әкімінің орынбасары, ТЖД, ІІБ, Ұлттық гвардия, Денсаулық сақтау басқармасы және басқа да мемлекеттік органдардың жауапты тұлғалары келіп, апат салдарын жою жұмыстары жүргізілуде.  

Сонымен қатар, оқиға орнына ТЖ министрінің орынбасары Ачилбай Раматов және ТЖ министрі Ботир Қудратходжаев келді.  

Аталған факті бойынша алдын ала тергеу жүргізілуде.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Пікірлер