Пластикалық карталар болашақта қолданыстан кете ме?

864
Бүгінде елімізде пластикалық карта үйреншікті және тиімді төлем әдісіне айналды. Оларды жоқ деп елестетіп көріңіз. Себебі соңғы кезде банк карталарының орнына электронды әмияндар пайда болғанын көпшілік біле бермейді. Яғни, болашақта барлық төлемдер мобильді қосымша арқылы жасалады. 
Қазіргі таңда дамыған елдерде электронды әмияндар пластикалық карталарды қаржы нарығынан ығыстырып жатыр Ал біздің елімізде бұл "жаңашылдық" әлі қолданысқа енгізіле қойған жоқ. Мысал кедтірсек, бүгінгі күні Кения мен Үндістанда адамдардың дені электронды әмияндарға жүгінуде, өйткені қаржылық сауаттылық деңгейі мен банктерге деген сенімі төмен. Адамдарға шот ашуды және банкке жүгінуді талап етпейтін электрондық әмиянды рәсімдеу оңайырақ, әрі түсінікті. Арзан смартфондар мен қолжетімді интернет әмиянды пайдалану арқылы қаржылық операцияларды ыңғайлы етеді. Смартфон интернетке қолжетімділікті өзі атқаратын болғандықтан, көптеген адамдарға компьютер мүлде қажет емес.
Соңғы жылдары IT саласының мамандары  электронды әмияндар үшін экожүйелер құрып, арзан смартфондардың кемшілігін, жады көлемінің аздығын айналып өтті. Демек, қазір бәрі де адамның өз қолында, яғни, бәрі бір телефонның ішінде.
Қазір бір қосымшаның көмегімен тауарлар мен қызметтерге ақы төлеуге, аударым жасауға және басқа  да қаржылық мәселелерді шешуге болады. Бұл ретте карта қажет емес. QR-код бойынша немесе NFC көмегімен жанасусыз төлем әдістері дүкенде де төлем жасау үшін пластиктің болуын талап етпейді.

Пластикалық карталарға қарағанда, электрондық әмияндар жете дамыған елдің тағы бірі — Қытай. Аспан асты елі санаулы ғана жылдар ішінде  дамушы елдердің қатарынан озық елдердің қатарына енді.  Мұнда банк жүйесі экономиканың дамуына ілесе алмады, сондықтан Қытайда пластикалық карталардың жаппай таралу кезеңі болған жоқ. Адамдар бірден электронды төлем құралдарына көшті.

Ал бізде қалай? Қазіргі таңда еліміздегі бірқатар қалаларда бұрмалану деректері кездесетін карталардың бар екендігі анықталып отыр. Біз аталған жаңашылдықты бүкіл елімізде енгізу үшін смартфон мен интернет қолжетімді болуы керек. Алайда бүгінгі күні Қазақстанның барлық ауылдық елді мекендері  100 пайыз интернетпен қамтылмаған.

Айта кету керек, қазір қазақстандықтардың арасында мұндай жаңашылдықты Каспи, Халық, т.б. банктердің тұтынушылары еш қиындықсыз пайдалануда. Яғни, кез келген адам қосымшадағы QR-код арқылы төлем жасай алады.

Жалпы қазіргі уақытта банктер клиенттерге толыққанды қаржы сервисін ұсынады. Банк қосымшасы немесе жеке кабинет арқылы қызметтерге ақы төлеуге немесе аударым жасауға болады. Банк картасынан жалақы алуға, достар мен туыстарға аударымдар жасауға, сондай-ақ онлайн қарыздар алуға болады.

Қысқасы, бүгінгі күні біздің елімізде электронды әмияндардан гөрі пластикалық карталар "хит" болып тұр. Ал мамандар әзірге карталарды қолданыстан алып тастау мүмкін еместігін айтады.   

"Адырна" ұлттық порталы.
Пікірлер
Редакция таңдауы