Бокстан әлем чемпионы Теміртас Жүсіповке пәтер кілті табысталды

354

Көкшетауда бокстан ерлер арасындағы тұңғыш әлем чемпионы Теміртас Жүсіповті марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев боксшыны өз жеңісімен құттықтады, деп хабарлады ішкі саясат басқармасы. Құттықтау сөзін сөйлеген аймақ басшысы өңірде спорттық дәстүрдің берік екенін, спорттық қозғалысты дамыту бағытында көптеген жұмыстар атқарылып жатқанын атап өтті.

Біз – ақмолалықтар – Теміртастың жеңісімен мақтанамыз! Ол сөзсіз біз үшін мақтаныш. Бұл Ақмола облысының ерлер арасындағы әлем чемпионатындағы тұңғыш алтын медалі! Теміртас тәжірибелі спортшы. Осы жоғары марапатқа жету жолында ол екі рет әскери қызметкерлер арасындағы әлем чемпионатында жеңіске жетті: 2019 жылы Қытайдың Ухань қаласында және жақында қыркүйекте Мәскеуде өткен. Осы жеңістердің лайықты нәтижесі әлем чемпионатының алтын медалі иегері болды, – деді Ермек Боранбайұлы.

Жүсіпов медалі Тәуелсіздіктің 30 жылдығына тек ақмолалықтар үшін ғана емес, бүкіл еліміз үшін ерекше тарту болды. Бұл жеңіс жаттықтырушылар мен жанкүйерлердің мақтанышы болды, сонымен қатар Қазақстанның жоғары спорттық мәртебесін растады. Ол көптеген спортшыларды жаңа жетістіктерге ынталандырады және шабыттандырады, әсіресе Олимпке деген сапардағы сара жолын енді бастағандарды.

Ермек Маржықпаев чемпионға пәтер кілті мен ақшалай сертификатты табыс етті. Ол Теміртастың жеке бапкері Қуанышпай Көкішевтің ерекше еңбегі мен жоғары кәсібилігін атап өтті. Оған ақшалай сертификат та табыс етілді.

Теміртас Жүсіпов жиналған жұртшылықпен амандасып, жерлестерінің оған қалай қарайтынын түсінетінін, сондықтан жеңіске жету үшін барын салғанын атап өтті.

Өз атымнан және Ақмола облысының спортшылары атынан облыс басшылығына спортшылардың жаттығып, жалпы спортты дамытуға жағдай жасап жатқаны үшін алғыс айтамын. Жарыстарда сөз сөйлей отырып, жерлестеріміздің үлкен қолдауын сезініп отырмыз, - деп алғысын білдірді спортшы.

Еске салайық, Белградта (Сербия) өткен XXI әлем чемпионатында ақмолалық 48 келі салмақта топ жарған болатын. Шешуші кездесуде оған Тайланд өкілі Вуттичай Юрачай қарсы шықты.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер
Ұқсас жаңалықтар