Семейліктер Астанада өтетін әскери шеруді тамашалауға жиналды

891
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/05/3d07f3d2-0614-47a0-afe6-2a1ca47e6563-960x500.jpeg?token=2ef108487f6e5d669b76685583e8470e
Бүгін Астанадағы «Қазақ елі» алаңында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған Әскери парад өтеді. Семейліктер әскери шеруді тамашалау үшін облыс орталығындағы Арбатқа келді. Ардагерлер, облыстық мәслихат депуттары, саяси партиялар, азаматтық қоғам өкілдері мен жастар алаңқайға қойылған LED-экранның қасына жиналды. Айта кетейік, Елордадағы Әскери парадқа қатысуға Абай облысынан 16 адамнан құралған делегация аттанды. Оның ішінде тыл және еңбек ардагерлері бар.
Комментарии