Ақмола облысында шенеунік 2 жыл бойы жетім балаға арналған пәтерде тұрып келген

936
Adyrna.kz Telegram
Фото: aqmeshit-aptalygy.kz
Фото: aqmeshit-aptalygy.kz

Ақмола облысында мемлекеттік мекеме басшысы екі жыл бойы жетім балаға арналған пәтерде тұрып келген. Бұл туралы облыстық прокуратура мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна”.

Жергілікті атқарушы органдар тарапынан балалардың мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана алу құқығы бұзылған. 33 бала заңсыз түрде есептен шығарылған, 8 бала уақытында кезекке қойылмаған, ал 1 балаға мүлде тұрғын үй беруден бас тартылған.

"Аудан орталықтарының бірінде жетім балаға арналған пәтерде екі жыл бойы мемлекеттік мекеме басшысы тұрған. Қадағалау актісі бойынша пәтер қайтарылып, балаға берілді, қазір басқа балалардың құқығын қалпына келтіру шаралары қабылданып жатыр", - деп жазылған хабарламада.

Пікірлер