Бокстан Олимпиада чемпионы Бақыт Сәрсекбаевтың әкесі өмірден өтті

1909
Adyrna.kz Telegram
Фото: instagram.com/b.sarsekbayev
Фото: instagram.com/b.sarsekbayev

Бокстан Бейжің Олимпиадасының чемпионы Бақыт Сәрсекбаевтың әкесі өмірден өтті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Сәрсекбаевтың әкесі Әбдірахман Сәрсекбаевтың өзі де спорттан алыс емес. Марқұм жас кезінде футболмен әуестеніп, жартылай қорғаушы позициясында ойнаған.

1bol.kz мәліметінше, Бақыттың боксқа қадам басуына әкесі себеп болған.Әбдірахман Сәрсекбаев бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысы Жетісай қаласында туып-өскен. Кейіннен жұмыс бабымен Өзбекстанның Бостандық ауданына көшкен. Балалары сол жақта дүние есігін ашып, боксқа қадамын да сол жақта бастаған.

«Балаларымды боксқа берген себебім: шыны керек, біз тұрған Табақсай деген жерде басқа секция болған да жоқ. Бақыт бала кезінен ұшқалақ емес еді, керісінше, ұқыпты, салмақты боп өсті. Ол бес жасынан бастап жаттықты. Үйірмедегі алғашқы бапкері – менің қайным, яғни, әйелімнің інісі Кәрім Махмұдов болды. Әлі күнге сол нағашысының тәрбиелеуімен келеді ғой», - деп естелігін бөліскен болатын Әбдірахман Сәрсекбаев.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Ложку перед сном и все! За неделю уйдет 13 кг возрастного жира...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Пікірлер