МҰРАТ ЕСЖАН: Ахаңдар маркетинг тәсілдерін бір ғасыр бұрын жазып тастаған

3035
Adyrna.kz Telegram

1913-1918 жылдар аралығында Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлы бас болып Орынборда шығып тұрған “Қазақ” газетінде мықты маркетинг болған. Яғни, газет басында демеушілердің қаржысына шыққанмен, кейін өзін-өзін асыраған.

Қалай деймісіз? Жазылудан, саудадан түсетін қаржыдан бөлек, “Азамат” атты серіктік құрып, кітап баспасымен айналысып, оны сатып қаржы тауып отырған. Сол тұстағы “иғландарға” (жарнамаларға) көз салсақ, пәлен кітапты бірден алсаң, пәлен жеңілдікпен беріледі деген мазмұндағы бизнес ұсыныстарды көресіз.
Ол аз десеңіз, газетте түрлі құралдардың, машналардың (сүт тартатын, шөп турайтын), дәрі-дәрмектің жарнамасы басылған. Суретімен бірге.

Оны да аз десеңіз, “егер машинаны сатып алсаңыз, қалай қолдану туралы қазақша кітабын тегін жібереміз” деген бонустар қосқан. Біз енді үйреніп жатқан “семинарымды сатып алсаң, пәлен кітабымның pdf нұсқасын тегін жүктей аласың” деген маркетинг тәсілдері Ахаңдар бір ғасыр бұрын жасап тастаған, қысқасы.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Ложку перед сном и все! За неделю уйдет 13 кг возрастного жира...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Онколог: "Папилломы на шее и в подмышках означают раннюю стадию…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Весишь 81? А будешь 51! Похудение для ленивых! Пейте 1 кислую...
Пікірлер