Бүгін Украина мен АҚШ арасындағы шикізат жөніндегі келісімге қол қойылғаны туралы біраз жазылды. Сараптап көрсек, жағдай былай қалыптасып отырған сияқты:
1. Енді президент Д.Трамп өз жақтастарына "нәтижені" көрсетіп, мақтана алатын болды. Бұл АҚШ президентіне ішкі саясат тұрғысынан өте қажет дүние.
2. Құжат - Украина үшін де аса маңызды нәтиже. Себебі, АҚШ Украина төңірегіндегі геосаяси ойында қалатын болды. Бұған қоса Д.Трамп әкімшілігі Киевке қару жеткізу туралы жаңа келісмге де келісіпті. Оның көлемі $ 50 млн. Бұл үлкен көмек болмаса да ишараты жақсы. Яғни, осы қаңтардан бері Д.Трамп бірінші рет Киевке әскери көмек көрсетуге келісіп отыр. Демек, Украина бұл жолы геосаяси ойын партиясын тиімді ойнап шықты. Жалпы, қабылданған құжаттың мазмұны бұған дейін АҚШ тарабы ұсынған екі жобамен салыстырғанда Украина мүддесі үшін анағұрлым жақсы және қолайлы болды.
3. Ең бастысы: құжаттың саяси маңызы зор. Соғыс жағдайында бұл келісімді ешкім толыққанды іске асыра алмайды. Сондықтан, келісім Киев пен Уашингтон арасындағы түсіністікті нығайтуға септігін тигізіп отыр. Соғысып жатқан Украина халқына бұдан үлкен мәселе жоқ емес пе?!
Иә, Киевке АҚШ көмегінің үзіліп қалмағаны керек. Яғни, бұл - мәнді нәтиже. Құтты болсын!