Жезқазғандағы жылу электр орталығындағы ірі өрттен тұрғын үйлердің тең жартысы жапа шекті

312

Жезқазған қаласындағы Kazahmys Energy ЖЭО-да ірі өрт болды, тұрғын үйлер мен кеңсе ғимараттарының 40 пайызы бірнеше сағат бойы жарықсыз қалды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

«Патриот» порталы жазғандай, төтенше жағдай 7 қараша күні сағат 18:43-те болған. Өрттің жалпы аумағы 100 шаршы метрді құрады.

Электр цехының кәбілдік еденіндегі жарамсыз болған пластикалық шамдар, жоғары вольтты басқару кабельдері және бес терезе блогы өртеніп кеткен. Қарағанды ​​облысы Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің күшімен электр цехынан жеті адам эвакуацияланды. Өрт 20:11-де сөндірілді, — деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі.

Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

Өрттің шығу себебі анықталуда.

Төтенше жағдайға байланысты Жезқазғандағы тұрғын үйлер мен нысандарға электр қуатын беру шектелді – 30-40 пайызды айтып отырмыз. Қаланы электр энергиясымен толық қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шаралар қабылданды. Сағат 22:00 шамасында кейбір үйлер электр жарығына қосылып, электр қуатынсыз қалған үйлердің саны 15 пайызға жуықтады. Қазірдің өзінде сағат 23:00-де апатты желілерден қайта қосу аяқталып, барлық тұтынушыларға электр қуатын беру қалпына келтірілді. Жылумен қамту жүйесінде ақау болған жоқ. Барлық жылу магистральдары жұмыс істеді және әдеттегідей жұмысын жалғастыруда», - деп хабарлады Жезқазған қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер
Ұқсас жаңалықтар