СҚО-да мүмкіндігі шектеулі ер адам үйінде өртеніп кетті

1121
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/05/img_6146-960x500.jpeg?token=19a41533c1bcac5ae26c22db76f0a4e6

Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының орталығы Булаев қаласында зейнеткер өз үйінде тірідей жанып кетті. Бұл туралы КТК телеарнасы жариялады, деп хабарлады “Адырна” ұлттық порталы.

Өрт басталғанда жалғыз тұратын 69 жастағы ер адам ұйықтап жатқан. Зейнеткердің мүмкіндігі шектеулі екені анықталды, ол өздігінен жүріп-тұра алмаған екен. Өрт сөндірушілер жетемін дегенше, үйдің төбесі опырылып ортасына құлаған.

Құтқарушылар марқұмның денесін қиранды арасынан шығарып алды. Сараптама тағайындалып, өрттің неден шықққаны анықталып жатыр.

«Оқиға орнына сағат үштен 42 минут кеткенде жетті. Өртенген аумақ 55 шаршы метр. Оттың неден тұтанғаны анықталып жатыр. Бірқатар сараптама тағайындалды. Ал марқұм — бірінші топтағы мүгедек», – дейді СҚО ТЖД басқармасы бастығының орынбасары Аян Құсайынов.

Комментарии