Үш қаржы пирамидасы қазақстандықтарды 63 миллион теңгеге алдап соққан

2999
Adyrna.kz Telegram

Батыс Қазақстан облысында 400-ден астам адам «Лидер», «Алтын Тұмар» және «Великое будущее» қаржы пирамидаларының құрбаны болды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі. 

Қаржы мониторингі агенттігінің аумақтық департаментінің қызметкерлері екі қаржы пирамидасын ұйымдастырушының қызметін тоқтатты.

Оралдың екі тұрғыны «Лидер», «Алтын Тұмар» және «Великое будущее» қаржы пирамидаларын ұйымдастырып, азаматтардың қаржысын жымқырған.

Қаржы пирамидаларының ұйымдастырушылары WhatsApp чатын құрып, жеті күн ішінде салынған қаражаттың 100 пайызынан асатын сыйақы алу үшін ақша салуды ұсынды. Ақша қолма-қол ақшамен де, картамен де қабылданды, - деп хабарлады ҚР АФМ баспасөз қызметі.

Тергеу нәтижесінде пайданың салымшылардың біріне басқа салымшылардың жарналарын алу есебінен берілгені анықталды. Ұйымдастырушылар кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырмаған.

Жалпы сомасы 63 миллион теңгеден астам қаржы пирамидаларына 435 инвестордың қаражаты тартылды.

Ұйымдастырушылар бес жылға бас бостандығынан айырылды.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер